Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы пәні бойынша:
- қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық белгілерін ажырата білу;
- отандық және шетелдік ғалымдардың ойларын, пікірлерін білу;
- фонема-дыбыс әріп арақатынасын түсіне білу;
- графика-графема-әліпби арақатынасын түсіне білу;
- дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен, дыбыстық өзгерістердің түрлерін білу,
- орфографиялық принциптерді білу;
- қазақ графикасы мен орфографиясының негіздерін фонологияға, сингармонизм заңына, әліпби теориясына табан тірей отырып, анықтауды білу;
- қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормаларды саралай білу;
- сөз ағымы және оның бірліктерін саралай білу;
- екпін және оның түрлерін саралай білу
- интонация және оның негізгі бірліктері мен компоненттерін айқындай білу;
- орфоэпия және оның негізгі белгілерін түсіне білу;
- қазақ тілі функционалдық стильдеріндегі мәтіндердің айтылымын;
- қазақ тілі фонетикасын меңгертуге арналған мультимедиалық, электронды оқу кешендерін ұтымды қолдана;
дыбыстық комбинаториканың қазақ сөзінің сингармонизм заңына қарай бейімдеуші механизм екенін білу керек.
|