Штрихмармен жұмыс істеу. Штрих деп бейненің контуры мен түзу айтылады. Штрихтың үш атрибуты бар: түс, қалыңдық және стиль. Штрих түсін Stroke өрісінен немесе Color Mixer панелінен баптауға болады. Қалыңдық пен стильді тек қасиеттер инспекторынан ғана беруге болады. Барлық атрибуттарды бірден беру үшін қасиеттер инспекторын пайдалану керек, бірақ бұл кезде тек қауіпсіз Web-түстер ғана көрінеді.
Қауіпсіз Web-түстер палитрасы төрт немесе бес жыл бұрын ойлап табылды. Бұл барлық компьютерлерде бірдей бейнеленетін түстерді жинау мақсатында жасалды. Қауіпсіз Web-түстер палитрасында негізгі екі броузер (Internet Explorer және Netscape Navigator) және екі операциялық жүйе (Windows және Macintosh) үшін ортақ 216 түс бар.
Штрих жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Сурет салуға қажетті инструментті таңдап аламыз.
Қасиеттер инспекторындағы түс каталогын ашып, қажетті түсті таңдаймыз.
Штрих қалыңдығы өрісіне сәйкесті мәнді енгізу керек. Штрих қалыңдығы 0,25 қадаммен көбейеді, ол 0,25 және 10 аралығындағы мәнді қабылдай алады.
Стиль штрих салыну түрін таңдайды. Мысалы: Hair Line (Шаштық түзу) ең жұқа штрих салады.
Штрихтарды Ink Bottle (Сияқұйғыш) инструменті арқылы редакциялауға болады. Қасиеттер инспекторында қажетті параметрлерді беріп, Ink Bottle инструментімен штрихты шерту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |