Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет23/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Brush инструменті – қылқаламмен жағуды имитациялауға мүмкіндік беретін инструмент.
Суреттерді салу және коррекциялау.

Тышқанмен сурет салу барысында бірден идеал сурет салу мүмкін емес. Бұл жағдайда қажетті формаға жуық суретті салып, оны редакциялау арқылы дұрыс формаға келтірген жөн.



Arrow және Subselection инструменттерін пайдалану. Arrow және Subselection контурларды редакциялау үшін пайдаланылады. Анкерлік нүктені жылжытқанда оның орны, өлшемі және түйіскен сегменттердің формасы өзгереді.

Түзету және тегістеу. Дұрыс емес формалы бейнелер мен контурларды түзетуге және тегістеуге болады. Ол үшін объектіні Arrow-мен ерекшелеп, инструменттер панеліндегі Straighten (Түзету) және Smooth (Тегістеу) модификаторларының бірін пайдалану керек.
Қисықтарды оптимизациялау

Салынған қисықтың анкерлік нүктелері көп болған сайын, оларды жасау үшін де көбірек есептер жүргізу керек. бұл файлдың көлемін үлкейту мен суреттің бейнеленуін тежейді. Анкерлік нүктелерді азайту үшін оларды оптимизациялауға болады. Бұл қисықтың тегіс және әдемі болуына әкеледі. Бұл бейнені жасау үшін қажетті және жеткілікті анкерлік нүктелер саны болуы үшін жасалған.

Оптимизациялау үшін қисықты белгілеп, Modify→Optimize командасын орындаймыз. Optimize Curves сұқбаттық терезесі шығады. Терезенің Smoothing (Тегістеу) жүгіртпесі және баптау жалаушалары бар. Қажетті параметрлерді беріп ОК батырмасын шертеміз. Анкерлік нүктелердің санын мүмкіндігінше кеміту үшін Use Multiple Passes жалаушасын қою керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет