Текстті жіктеу (бөлу)
Flash–те текстті бөліп, оның әрбір символын жекеленген текстілік блоктарға орналастыру мүмкіндігі бар. Одан кейін текстті қисыққа түрлендіруге немесе жекеленген символдарға анимация жасауға болады. Текстті бөлу үшін: 1. Arrow инструментінің көмегімен текстілік блокты ерекшелеу. 2. Modify→Break Apart командасын орындау.
Символдардың текстілік блоктан қисықтарға түрлендіру үшін жоғарыдағы команданы тағы бір рет орындау керек.
Текст қисықтарға түрлендірілгеннен кейін оны текст секілді редакциялау мүмкіндігі болмайды.
Текстті бөліп болғаннан кейін символдар блоктарын жекелеген қабаттарға орналастыруға болады. Ол үшін Modify→Distribute to Layers (Өзгерту→Қабаттарға тарату) командасын орындау керек. Бұл кезде аты өзіндегі әріпке сай келетін қабаттар пайда болады.
Қисықтарға түрлендірілген әріптерді трансформациялауға болады. Ол үшін Subselection инструментімен нүктені ерекшелеп, жылжыту керек. Текст контурларын жылжыту үшін Distort (қисайту, искривление) мен Envelope (жанамалаушы, облигающая) модификаторларын пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |