FLASH ФИЛЬМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ЖҰМЫС
Символдар туралы түсінік
Macromedia Flash–те фильм жасалатын негізгі элементтер символдар болып табылады. Flash әрбір растрлық суретті импорттағанда, контур салғанда немесе оптимизация жасағанда жария болатын фильмде сол заттарды бейнелеуге қажетті элементтерді сақтап отырады. Web-те жариялауға арналған кез келген құрылымды жасауда стратегиялық тапсырма файл көлемінің кіші болғанына қарамастан файлда элементтердің көптеп болуын шешу болып табылады. Символдар қажет болғанда бірнеше рет қолдануға болатын сақталынып тұрған үлгілер сияқты.
Символдар библиотекада сақталынады, ал оның экземплярларын сахнаға орналастыруға болады. Сахнаға орналастырылған әрбір символ өз оригиналына тәуелсіз көшірме болып табылады. Оригиналға тиіспей, экземплярды қалауымызша өзгерте беруге болады. Оригинал ғана сақталатындықтан қажетті экземплярлар жасау файл көлеміне айтарлықтай әсер етпейді. Символдарды пайдалану фильмнің ойнатылу жылдамдығын арттырады, себебі Flash Player баптауы бойынша символды тек бір рет жүктеу жеткілікті.
Смиволды Flash конструкциялық элементтері деп қарастыруға болады. Себебі олар тек файлдың көлеміне ғана әсер етпейді, дұрыс пайдалана білген жағдайда дизайнердің жұмыс эффектілігін арттырады. Негізінде фильм элементтерін құрама конструкциялық блоктарға бөліп үйрету керек, бұл күрделі интерфейс немесе анимация жасау барысында оларды байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзгертуді тек бір жерге енгізу арқылы фильмнің көптеген бөліктеріне бірден әсер етуге болады.
Сахнаның кез келген элементін символға түрлендіруге болады. Қайта пайдалануға болатын элементті символға түрлендіру жұмыс уақытын қысқартып, жұмыс процесін оптимизациялауға мүмкіндік туғызады. Символдардың үш типі бар: графикалық, батырмалар (кнопки) және бейнеклиптер. Олардың әрқайсысының жеке уақыт шкаласы мен сахналық қабаттары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |