Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет39/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Графикалық символдар – ең қарапайым, бірақ ең мықтылары, негізгі уақыт шкаласына байланған, әдетте статикалық бейнелер үшін (мысалы: фон) пайдаланылады. Графикалық символдарды анимациялауға болады, бірақ олар дыбыс немесе интерактивті элементтерден тұра алмайды. Негізгі уақыт шкаласына байланғандықтан осы шкаладағы кадр көлемінде ғана ойнатылады.

Батырмалар – пайдаланушының белгілі бір әрекетіне (мысалы: тышқанды шерту немесе курсорды апару) жауап беретін интерактивті символдар. Батырмалардың уақыт шкаласында Up, Over, Down, Hit атты батырманың әртүрлі жағдайына сәйкес келетін кадрлар бар. Батырмалардың уақыт шкаласы басқа уақытқа тәуелділер секілді уақыт өтуімен жылжымайды. Оның орнына онда пайдаланушы әрекетіне жауап ретінде төрт кадрдың арасында ауысу жүреді.

Up (отжата, босатылған) жағдайы – батырманың пайдаланушы ешқандай әрекет жасамаған кездегі күйін білдіреді.

Over (Поверх, үстінде) жағдайы – пайдаланушы тышқан көрсеткішін батырма үстіне апарғандағы ролловер күйін анықтайды.

Down (нажата, басылған) жағдайы – пайдаланушы батырманы басқандағы оның күйін анықтайды.

Hit (Активная зона, белсенді аймақ) – батырманың физикалық шектерін жойып, пайдаланушы әрекетіне жауап беретін облыс құруға мүмкіндік береді. Hit кадрының мазмұны сахнада көрінбейді. Батырмалар үшін оның төрт қабырғасын жасау міндетті емес. Батырмалар графикалық элементтерден, дыбыстан немесе бейнеклиптен тұруы мүмкін.

Бейнеклиптер – өз бетінше мини –фильмді сипаттайды. Қажет болған жағдайда олардың өзіне жеке негізгі уақыт шкаласына тәуелсіз уақыт шкаласын дайындауға болады. Бейнеклиптер – графикадан, батырмадан, басқару интерактивті құралдарынан, дыбыстан, видеодан немесе кірістірілген бейнеклиптерден тұруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет