Күрделі батырмалар
Батырмалар пайдаланушылардың әрекетіне түрлі әдістермен жауап бере алады. Күрделі батырмаларда олардың жағдайын көрсету үшін тек графика ғана емес, анимацияланған бейнеклиптер және дыбыс пайдаланылады. Батырманың кез келген кадрына дыбыс қосуға болады, бірақ әдетте оларды Over немесе Down кадрларына қосады. Батырмаға дыбыс қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Батырма символына жаңа қабат қосу, оған sound (дыбыс) атын беру.
Дыбыс қабатында, дыбыс қосылатын батырма жағдайы кадрына кілттік кадр қою.
Дыбыс қабатын ерекшелеп, Library панелінен дыбыс экземплярын жұмыс облысына орнату. Дыбыс батырма кадрына қосылады.
Қасиеттер инспекторы панелінде оқуға және дыбысты синхрондау әдісін таңдау.
Батырма кадрына анимацияланған бейнеклиптерді қою арқылы анимацияланған батырмалар жасауға болады. Батырманың тек бір күйі үшін ғана анимация берген тиімді және бұл мақсатта қысқа анимацияланған фрагменттерді пайдаланған дұрыс. Батырма күйіне анимация қосу үшін:
Батырма күйінің видеоклипін әзірлеу.
Батырма жасап, анимацияланған жағдай қосылатын кадрды кілттік ету.
Видеоклип экземплярын жұмыс облысына орналастыру. Оны кадрдың басқа да элементтеріне қатысты туралау.
Батырма күйінің кадрымен жұмысты аяқтап, негізгі уақыт шкаласына оралып, жұмыс облысына видеоклип экземплярын орнату.
Control→Test Movie командасымен фрагменттерді жүргізіп көру.
Достарыңызбен бөлісу: |