Меню және құжаттарды структуралау.
Меню көмегімен пайдаланушылар фильм бойымен жылжиды, меню фильм мазмұнына қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі элемент.
Уақыт шкаласының көмегімен құжаттарды структуралау.
Фильм элементін жүйелеудің ең оңай әдісі мазмұн бөлімінен тұратын видеоклиптерді уақыт шкаласының кілттік кадрына орналастыру болып табылады. Ол кадрларға сәйкесті атау беріп, ActionScript көмегімен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы: компанияның Flash түйінінде Home (бастапқы бет) атты видеоклип, Services (қызметтер), Portfolio (Портфель), About (компания туралы) т.с.с. меню эелемнтіне сәйкес келетін видеоклиптер әзірлеуге болады.
Фильмнің әрбір бөлімі жеке қабатқа орналастырылуы керек және оның кілттік кадры мен кілттік кадр белгісі болуы керек. Фильмнің әрбір бөлігі үшін жеке қабат жасау маңызды. Әртүрлі бөлімдерді әртүрлі номерлі кадрларда орналастыру керек, сонда оларға ойнату тиегін белгілі бір кадрда тоқтайтындай етіп сценарий жазуға болады.
Flash меню жасау барысында негізгі екі анықтаушы фактор: орналастыру және меню берілгендерінің типі.
Батырма экземплярын әзірлеу барысында қасиет ретінде Track As Button (батырма ретінде бақылау) немесе Track As Menu Item (меню элементі ретінде басқару) көрсетуге болады. Track As Button қасиеті үнсіз келісім бойынша орнатылады және басқа батырмаларға тәуелсіз сол батырмаға ғана қатысты оқиғаны анықтайды. Track As Menu Item қасиеті басқа батырмаларда басталған оқиғаның жалғасуына мүмкіндік береді. Меню элементтері болатын батырмалар үшін осы қасиетті көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |