ACTIONSCRIPT-ПЕН ЖҰМЫС
ActionScript көмегімен интерактивтілік қосу
ActionScript Flash-те командалар және сұраныстар реттелетін программалау тілі. ActionScript Flash-те «ендірілген» тіл, сондықтан Flash-тің тиімді және көрнекті жұмыстар істеуі үшін ол тілді меңгеру керек.
Actions панелі
Actions панелін Window→Actions (F9) командасымен ашуға болады. Ү.к.б. берілген топтастыруда Actions панелі қасиеттер инспекторымен байланысқан (егер панельдің біріктірілуін ү.к.б. жағдайына орнатқыңыз келсе, Window →PanelSets →Default Layout (Терезе →Панельдер жиыны→ү.к.б.) орналастыру командасын орындау керек.
Actions панелі Flash-ке ендірілген ActionScript редакторы болып табылады. Объект экземплярларының суффиксін сәйкесті пайдалану барысында кодты пайдалануға байланысты кеңестер көрсетілетін терезелер шығады. Pin current script (ағындағы сценарийді байланыстыру) батырманың көмегімен сценарийді Actions панелінде сақтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |