Компоненттерді қосу
Компоненттерді жұмыс облысына тарту немесе Components панелінде екі рет шерту арқылы қосады. Мысалы: ComboBox компонентін қосу үшін келесі операцияларды орындаймыз:
Components палитрасындағы ComboBox-ты жұмыс облысына орналастыру.
ComboBox экземплярына атау беру.
Үнсіз келісім бойынша Editable (редактрлеуге болады) параметрі false. Бұл ComboBox тізімінің элементтері статикалық дегенді білдіреді, ал true – пайдаланушылардың тізім экземплярын ерекшелеп, термин енгізуге мүмкіндік береді. Ол сол тізім көлемінде ғана ізделеді. Editable параметрі false түрінде қалады.
Labels (белгілер) бағаннан кейінгі бағанды екі рет шерткенде Values (Мәндер) сұқбаттық терезесі ашылады. Онда + белігісінен тізім элемнттерінің саны нешеу болса сонша рет шерту керек. Әрбір қатардың Default Value (үнсіз келісім бойынша мәні) өрісін шертіп тізім элементтерінің сәйкесті атауларын енгізу керек (мысалы: қаңтар, желтоқсан).
Control→Test Movie командасын тестілеп ComboBox компонентіне берілген мәндер ашылмалы тізім ретінде көрінетінін байқауға болады.
Компоненттерді редакциялау
Фильмге компонент қосқанда Library панелінде Flash UI Components (Flash пайдаланушысының интерфейсінің компоненттері) папкасы пайда болады. Бұл папкада әртүрлі компонент құралатын символдар орналасады.
Flash UI Components папкада таңдалған компонент, Component Skins (Компонент қосымшасы) таңдалған компонентті құрайтын графикалық элементтер, Global Skins (жалпылама қосымшалары) те барлық компоненттерге ортақ графикалық элементтер, Core Assets (негізгі құралдар) сценарийдің күрделі элементтері орналастырылады. Кез келген компонентті өңдеуге, алмастыруға болады. Ол үшін өзгертулерді енгізіп болған соң өңделген экземплярды жұмыс облысына орналастыру жеткілікті.
№9 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |