Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет40/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Символдарды жасау

Фильм жасауда оның конструкциялық элементтерін әзірлеумен бастау керек. Символдарды әзірлеуге немесе сахнадағы объектілерді символдарға түрлендіруге болады.

Жаңа бос символ әзірлеу үшін жұмыс облысында ештеңе белгіленіп тұрмауы керек. Insert→New Symbol (Ctrl+F8) командасын орындағанда Create New Symbol (Жаңа символ жасау) сұқбаттық терезесі шығады. Терезенің Name (Атау) өрісіне болашақ символдың атын енгізеді, Behevior (Тип) бөлімінен Movie Clip, Button, Graphic біреуін таңдау керек. ОК батырмасын басқаннан кейін символ библиотекаға қосылады да, жұмыс облысында редакциялау режимінде ашылады. Ақпараттық қатарда символдың аты шығады да, жұмыс облысының ортасында символдың тіркелу нүктесін сипаттайтын айқас (крест) пайда болады.
Тіркеу

Тіркеу нүктесі – символды сандық үлгіде орналастырғанда пайда болатын бақылау нүктесі. Тіркеудің 9 стандартты нүктесі бар: төрт жақ бұрыш, орталық нүкте және объектінің екі жағына қатысты орта нүкте. Тіркеу нүктесі символдың 0,0 координатасын анықтайды.

Объектілерді түрлі жағдайларда орналастыруға мүмкіндік беретін екі өлшемді жазықтық координаттар жүйесі деп алынады. Flash-те кері тікбұрышты координаттар жүйесі (0,0 координатасы – экранның (жұмыс облысының) сол жақ жоғарғы бұрышы) пайдаланылады.

Объектілерді жұмыс облысында дәл орналастыру үшін әрбір объектінің ішкі тіркеу нүктесін білу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет