Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация


Кадрлар және кілттік кадрлар



бет48/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Кадрлар және кілттік кадрлар

Фильм мен анимацияны басқару және жүйелеу үшін Flash-те уақыт шкаласы пайдаланылады. Timeline (Уақыт шкаласы) панелі горизонталь бағытта уақыттың дискретті бірліктерін білдіретін кадрларға, ал вертикаль бағытта стекке жиналған жазықтың дискретті бірліктерін білдіретін қабаттарға бөлінген. Анимацияның уақыттық интервалы кадрлардың жалпы санымен, ал олар алдында тұрған облыс жұмыс облысының өлшемімен анықталады.

Кадр белгілі бір уақыттағы жұмыс облысының мазмұнын сипаттайтын статистикалық уақыт интервалымен сипатталады. Жұмыс облысының мазмұны өзгергенде өзара бірігуді кілттік кадрлар жүзеге асырады. Flash-тегі анимация өзгертулерді бақылау арқылы жүзеге асады, яғни жұмыс облысының мазмұны өзгеретін жерлер (кілттік кадрлар) қайда және ол қаншалықты ұзақ өзгеріссіз (кадрлар) қалатынын анықтау. Кадрлар мазмұнды сипаттайды, ал кілттік кадрлар әрекет (яғни өзгеріс) туралы хабар береді.

Ойнату тиегі жекелеген кадрларды бір ретте көрсетпейді, ол бір кадрда бірнеше қабаттың бойына қарамайды. Объектінің әртүрлі қабаттарда орналасуы өте маңызды, себебі бұл объектілерді жеке-жеке анимациялауға мүмкіндік береді. Фильмде қозғалмайтын статикалық фон және әртүрлі нүктелерде анимацияланатын объектілері бар бірнеше қабаттардан тұруы мүмкін. Қабат көлеміндегі кадрлар, тек қабат мазмұны жұмыс облысында көрініп тұрғанда ғана бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет