Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет42/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Символдарды редакциялау

Дайындау барысында проект көптеген өзгерістерге ұшырайды, сондықтан символдарды да редакциялауға тура келеді. Мысалы: түстік схемасын, гравиканы, т.с.с. өзгертуге болады. Символдарды үш түрлі әдіспен өңдеуге болады:



  1. Орнында - әдетте өлшемін, түсін, формасын өзгерту керек болғанда пайдаланылады. Оны пайдалану үшін жұмыс облысындағы символды екі рет шерту керек немесе оны ерекшелеп Edit →Edit in Place командасын орындау керек. Редакциялау режимін шығару үшін ағымдағы сахнаның атын шерту керек немесе Edit →Edit Document командасын орындау керек.

  2. Жаңа терезеде - символды жаңа терезеде редакциялау кезінде символдардың уақыт шкаласы ашылады да, негізгі фильм бастапқы терезеде қалады. Бұл символдарды редакциялау кезінде фильмнің әртүрлі элементтерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Символды жаңа терезеде редакциялау үшін жұмыс облысында оны ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын басып, Edit in New Window командасын таңдау керек. Редакциялау режимін шығару үшін терезені жабу жеткілікті.

  3. Символдарды редактрлеу режимінде - символға айтарлықтай өзгерістер енгізу керек болса, оны жеке редакциялау керек. символдарды редакциялау өтудің бірнеше жолы бар:

  1. Жұмыс облысындағы символды ерекшелеп, контексті менюден Edit командасын таңдау;

  2. Жұмыс облысындағы символды ерекшелеп, Edit →Edit Symbols командасын орындау;

  3. Library панеліндегі символ пиктограммасын екі рет шерту;

  4. Library панеліндегі символды ерекшелеп, панельдің параметрлер менюінен Edit командасын орындау.

Өзгерістер енгізіп болған соң қарапайым режимге қайту батырмасы немесе Edit Document командасы арқылы сахнаға қайта оралуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет