Экземпляр қасиеттерін өзгерту
Экземплярдың оригиналға қатысты анықталған бірнеше қасиеттері болады: ашықтылық (яркость), оттенок, мөлдірлік коэффициенті мен түстің кеңейтілген баптаулары. Бұл қасиеттерді қасиеттер инспекторындағы Color менюі арқылы беруге болады.
Brightness параметрі экземпляр түсінің ашық немесе кою болуын анықтайды.
Tint (Оттенок) параметрі – қызыл, жасыл және көк құраушысының сандық мәнін және мөлдірлік коэффициентін өзгерту арқылы экземпляр түсінің оттеногын баптайды.
Alpha параметрі – экземпляр мөлдірлігін 100% (мөлдір емес)–тен 0% (толық мөлдір)-ге дейінгі мәндерді қабылдай алады.
Advanced параметрі – Tint параметрімен салыстырғанда неғұрлым нәзік түс жасау үшін, қызыл, жасыл, көк құраушыларының мәнін жеке өзгертуге және мөлдірлік коэффициентінің мәнін беруге мүмкіндік береді. Ол үшін Color менюінен Advanced бөлімін басамыз, Settings (Баптаулар) батырмасын басқанда Anvanced Effect сұқбаттық терезесі пайда болады. Бұл терезеде түс құраушылары мен мөлдірлік коэффициентінің пайыздық мәнін (терезенің сол жақ өрісі) немесе абсолют мәнін (терезенің оң жақ өрісі) өзгертуге болады.
Қосымша баптау орнататын пайыздық мәндерге түс құраушысының мәнін көбейту арқылы жүзеге асады. Алынған нәтиже абсолют мәндерге қосылады да, түстің жаңа мәндері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |