Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия



бет7/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
ОТ Лек жинагы 2023

Оқшаулағыш костьюмдер. Жұмыс істеу принципі адамды қауіпті және экстрималды қоршаған ортадан оқшаулау болып саналады. Оқшаулағыш костьюмге – скафандр, пневмокостьюм, гидрокостьюм және т.б. жатады.
Арнайы киім. Өндірістің әр түрлі қауіпті және жағымсыз факторларынан қорғауға арналған арнайы киімдер. Арнайы киімдер киюде және күтуде ыңғайлы, қозғалысты шектемей және қиындатпайтын, адам организмінің термоалмасуына кедергі келтірмеу керек. Оларға күртешелер, комбинизондар, тулуптар және т.б. жатады.
Арнайы аяқ киім. Негізігі атқаратын міндеті әр түрлі жағымсыз жағдайларда адамның аяғын қорғау болып саналады. Арнайы аяқ киім тек қана қорғағыштық қана емес, сондай-ақ ыңғайлы және жайлы болуы керек. Олардың негігі түрлері келесідей бөлінеді: төменгі температурадан қорғайтын, ылғалдан қорғайтын, механикалық әсерден қорғайтын, мұнай өнімдерінен қорғайтын және т.с.с.
Бетті және көзді қорғайтын құралдар. Оларға әр түрлі типті көзілдіріктер, қалхандар және т.б. бетті және көзді қорғайтын шлемдер және маскалар жатады. Олар ертілген металлдардың тамшыларынан, майда қатты бөлшектерден және т.с.с. қорғайды.
Басты қорғайтын құралдар. Мұндай құралдарға каскалар, шлемдер, кепкалар және т.б. бас киімдер жатады. Олар бас құрылысын механикалық зақымданудан, күн өтуден, төменгі температурадан және т.с.с. қорғайды.
Есту мүшелерін қорғайтын құралдар. Бұл құралдар есту мүшелерін ауру және кесел тудыратын өндірістік жоғарғы және төменгі жиіліктегі шудан қорғайды. Жеке есту мүшелерін қорғайтын құралдарға – құлақшындар және тығындар жатады.
Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар. Мұндай құрылғыларға газқағарлар, респираторлар әр түрлі маскалар жатады, және де олар оқшаулағыш және сүзгілі болып бөлінеді. Сүзгілі тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар адам дем алатын ауаны сүзгіден өткізіп тазалайды, олар өндірісте кеңінен қолданылады (респираторлар және сүзгілі газ қағарлар). Бұлардың кемшілігі, қолданар алдында ауадағы зиянды заттың түрін білу керек және ондағы ауа қоспасында оттегі 17% кем емес болуы керек. Ал, оқшаулағыш газқағарлар үшін ауаның құрамын білудің қажеті жоқ, ө»ткені ондағы ауа сырттан белгілі көзден алынады.бұл құрылымдардың кемшілігі жұмысшының қозғалысы шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет