3-дәріс. Құрылымдық-типологиялық әдістер.
Алғашқы қауымдық қоғамның фольклоры мифология, діни наным-сенімдер, (тотемизм, анимизм, магия, т.б.) ежелгі адамдардың санасы тудырған ғұрыптық, тұрмыстық, танымдық (познавательное), тыйымдық (табу) мәні бар фольклор еді. Бұл мәселелерді зерттеуде Еуропада өркен жайған антропология ғылымы көптеген жетістіктерге қол созды.
ХХ ғасырдың ортасына таман антропология ғылымы екіге бөлінді: бірі – мәдени немесе әлеуметтік антропология, екіншісі – физикалық антропология. Мәдени антропология тарих, этнография, фольклор, әлеуметтану пәндерінің нысандарын кешенді түрде мәдени контексте, адам мен социумның (қоғам) арақатысын пайымдау арқылы дәстүрлі мәдениеттің қыр-сырын зерделеді.
Физикалық антропологияның ауқымына адамның физиологиялық жаратылысы, психологиялық өзгешеліктері, дене тұрқы, табиғи қажеттілігі сияқты жәйттер алынды. Бұған биологияның, археологияның, психологияның, әлеуметтанудың жетістіктері мен деректері пәрменді түрде пайдаланылды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі / Жауапты редакторы Ж.Рақыш. – Алматы: Brand Book, 2020. – 272 б.
2. Ибраев Ш. Қазақтың ғұрыптық фольклоры. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021. – 254 б.
3. Қазақ фольклортануының тарихы: ХVІІІ-ХХІ ғасырдың басы. Ұжымдық монография. – Алматы: «Service Press», 2017. – 552 б.
4. Мелетинский Е.М., Неклюдов С.Ю., Новик Е.С. Историческая поэтика фольклора: от архаики к классике. 2-е изд. – М.: РГГУ, 2021. – 286 с.
5. «Бабалар сөзі» жүзтомдығы: мазмұндалған анықтамалық / Құраст.: Т. Әлбеков, Қ. Алпысбаева, Ж. Рақыш. – Алматы: Дарын, 2022. – 382 б. ISBN 978-601-217-773-2
6. Қазақ текстологиясы: негізгі мәтін мен авторды анықтау (атрибуция) мәселелері. Ұжымдық монография. – Алматы: Литера М, 2022. 256 б.
7. Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздері. – Алматы: Silver Press, 2022. 732 c.
8. Строганов М.В. Исторические корни фольклорных жанров: Монография. – М.: РГУ им. А.Н. Косыгина, 2019. – 175 с.
9. Черванёва В.А. «Антропологический поворот» в фольклористике: взгляд на классификацию устной прозы в свете новой парадигмы // Шаги/ Steps. Т. 7. №2. 2021. С. 136-155. - https://doi.org/10.22394/2412-9410-2021-7-2-136-155
10. Алтай – Западная Сибирь в XIX – начале XX вв.: население, хозяйство, культура. Материалы Всероссийской научно-практической конференции, посвященной 160-летию со дня рождения этнографа, экономиста и общественного деятеля Сергея Порфирьевича Швецова. – Горно-Алтайск: НИИ алтаистики им. С.С. Суразакова, 2018. – 356 с.
11. Методы и концепции в фольклористике и культурной антропологии (конец XX — начало XXI века): материалы XVI Междунар. школы-конференции по фольклористике, социолингвистике и культурной антропологии / Cост.: А.С. Архипова, С.Ю. Неклюдов, Д.С. Николаев, Н.Н. Рычкова. М.: РГГУ, 2016. 208 c.
12. Фольклористика и культурная антропология сегодня: тезисы и материалы Международной школы-конференции / Сост. А.С. Архипова, С.Ю. Неклюдов, Д.С. Николаев. М.: РГГУ, 2012. 433 с.
Достарыңызбен бөлісу: |