Тіл - белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар
ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Негізгі мәселелер бойынша жазбаша конспект (шағын
баяндама) жасаңыз және практикалық сабақ тақырыбы бойынша семинарда жауап беріңіз.
Материалды бекіту үшін сабақ соңында тест тапсырмаларына жауап беріңіз.
Өткізу формасы: Баяндама
Бағалау критерийлері:
Оқу материалын меңгеру деңгейі;
Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу;
Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы;
Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы.
Әдебиеттер: 5, 7
Практикалық сабақ 4. Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика.
Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік лингвистиканың зерттелу тарихы туралы мәліметті
толықтыру, бекіту. Этникалық тіл, мәртебелі тіл, миноритарлы тіл, мажоритарлы тіл,
диаспора тілі ұғымдарына назар аудару.
Негізгі сұрақтар:
1. Әлеуметтік лингвистиканың зерттелу тарихына шолу.
2. Әлеуметтік лингвистиканың метатілі.
3. Әлеуметтік лингвистиканың ұғымдық аппараты.
Глоссарий:
Әлеуметтік лингвистика – тілдің құрылымын, дамуы мен қызмет етуін қоғамдық
бірлікте қарастыратын, тілдің қоғамға, қоғамның тілге әсер етуін зерттейтін ғылым.
Сондай-ақ ол тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлері және тілдің қызмет етуінің нақтылы
тарихи әлеуметтік жағдайда тәуелділігін зерттейтін тіл білімінің дербес саласы.
1. Тілдің өмір сүру формалары: әдеби тіл және бейәдеби формалар: ауызекі сөйлеу
тілі, жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер, тілдің басқа да өмір сүру формаларын
қарастырады.
2. Тілдің саралануының негізгі түрлерін: әлеуметтік, қызметтік, стильдік, аумақтық,
т.б. қолданыстарын, тілдің саралануына әсер ететін факторлары: қоғамдық өмір салалары,
әлеуметтік орта, сөйлеу жағдаятын т.б. зерттейді.
3. Әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, оның компоненттерін нысана етеді.
Әлеуметтік лингвистиканың бірден-бір маңызды нысанасы болып табылатын
этнолингвистикалық және тілдік жағдаят проблемасын, ондағы біртілділік, қостілділік,
көптілділік және диглоссия мәселелерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |