Әдістемелік нұсқаулықтар: Негізгі мәселелер бойынша жазбаша конспект (шағын
баяндама) жасаңыз және практикалық сабақ тақырыбы бойынша семинарда жауап беріңіз.
Материалды бекіту үшін сабақ соңында тест тапсырмаларына жауап беріңіз.
Өткізу формасы: Баяндама
Бағалау критерийлері:
Оқу материалын меңгеру деңгейі;
Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу;
Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы;
Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы.
Әдебиеттер: 5, 7
Практикалық сабақ 7. Функционализм, Антропоцентризм, Когнитивизм.
Сабақтың мақсаты: Функционализм, Антропоцентризм, когнитивизм туралы ақпарат
беру. Тақырыпқа қатысты глоссарийді меңгеру, ғылыми-теориялық әдебиеттерге шолу
жасау көзделеді.
Негізгі сұрақтар:
1. Функционализм қарастыратын мәселелер қандай?
2. Антропоцентризм дегеніміз не? Нені қарастырады?
3. Когнитивизм қарастыратын сұрақтарды атаңыз?
Глоссарий:
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-
қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа
салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу
мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз –
коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі
бір тәртіппен жүйелі қолдану. Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп,
сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама
тұрақталып, қалыптасқан норма саналады.
|