Әдістері:
Дәріс-дискуссия
Әдістері: Әңгімелесу.
лингвистика мен
функционалдық
лингвистика.
лингвистика
салаларының
қалыптасуы.
15
Тақырыбы: Қазіргі тіл
білімінің даму жағдайы.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия
Тақырыбы:
Қазақстандағы
тіл
білімінің даму бағыттары.
Әдістері: Әңгімелесу.
Тақырыбы:
Интернационалды
қ
лексиканың
қалыптасу
себептері.
Тақырыбы:
Тілдік жүйенің
ішкі
эволюциясы.
5. Әдебиеттер тізімі
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы:
Арыс. – 2008. – 215 б.
2. Жұбанов А. Қ. Қолданбалы лингвистика: Формальды моделдер. Алматы, 2006.
3. Жұбанов
А. Қ.
Компьютерлік лингвистикаға кіріспе. Алматы, 2007.
4. Қадырова Б.М. Әлеуметтік лингвистика: оқу құралы. Павлодар: Интеллект. - 2009.
5. Қалиев Б.
Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, мәтін. Алматы,
2012. - 246 б.
6. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 2000.
7. Момынова Б.Қ. Тіл білімінің жаңа бағыттары. – Алматы: Арыс. – 2008. – 215 б.
8. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Алматы: Арыс
баспасы. – 2007. – 312 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Жұбанов А. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. – Алматы, 2004.
2. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. – Алматы: Арыс, 2009.
3. Оразалиева Э.Н. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма. А., 2007.
4. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. - Алматы: Триумф, 2008.
Аудио-
видео сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=XWfrrtJfhvU
https://www.youtube.com/watch?v=fDfwF8ThYxU
6. Дәрістер кешені
Дәріс № 1-2. 20 ғасыр лингвистикасының басты бағыттары.
1. Лингвистикалық зерттеулердің басты ұстанымдары
.
2. Сыртқы лингвистика салаларының қалыптасуы.
Лингвосемиотика өз назарына тілдің коммуникативті қызметін алады. Ол тіл айтушының
өз ойын білдіру және ол ойларды тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізу құралы болады
дегеннен тұрады. Бұл процестердің лингвофилософиялық зерттелуі тіл басқа таңбалар
жүйесі аясында қарастырыла бастағанда мүмкін болады. Сөйтіп лингвофилософия тіл мен
семиотика – таңба туралы ғылым аралығындағы орынды иеленеді. Қазіргі
лингвосемиотиканың негізі Ф.де Соссюрдың «Жалпы лингвистика курсы»
еңбегінде
қаланған. Ол тіл білімін семиотиканың бір бөлімі деп есептеген, кейін ол асыра сілтеу
ретінде бағаланды. Дей тұрғанмен Соссюр қазіргі тіл білімінде тілді ерекше таңбалық
жүйе ретінде қарастырудың жалпы қабылданылуына ықпал етті. Лингвосемиотиканың
мәселелерімен Ч.Моррис, Ж.Пиаже, Р.Якобсон, Э.Бенвенист, Ю.С.Степанов
сынды
ғалымдар да айналысты.
3. Сыртқы лингвистика салаларының қалыптасуы: психолгингвистика, әлеуметтік
лингвистика,
этнолингвистика,
прагмалингвистика,
когнитивті,
контрастивтік
лингвистика.
1. Әлеуметтік лингвистика (социолингвистика лат. soci (etos) қоғам, франц. Lingua
тіл), - тіл білімі, әлеуметтану,
әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының
түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Негізгі нысаны – тілдің
функционалды жағын зерттеу.
Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл
болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер,
койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл),
билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Аса қажетті
мәселелерінің қатарына тілдің (тілдердің) өмір сүру формасынан туатын тілдік жағдайлар,
тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты т.б. жатады.
Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш назар аударғандар 19-ғасырда П.Лафарг,
А.Мейе, А.Соммерфельт, 20-ғ.-да
Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері т.б.
анкета арқылы байқау, сұхбат алу, статистикалық әдіс т.б. қолданған. Кеңестік дәуір
өкілдері
–
Л.П.Якубинский,
В.В.Виноградов,
Б.А.Ларин,
В.М.Жирмунский,
Е.Д.Поливанов т.б.
2. Интерлингвистика – тіларалық қарым-қатынас
құралы болып табылатын
халықаралық тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Нысаны – халықаралық жасанды
тілдердің қолданылуы мен жасалу процесі, сонымен бірге көптілділікті, тілдердің бір-
біріне әсерін, интернационалдық терминдердің жасалуын да зерттейді. Интерлингвистика
жасанды тілдердің
теориялық мәселелерімен бірге, олардың көмекші қатынас құралы
ретінде тәжірибе жүзінде қолданылуын да қарастырады. Ол Р.Декарттың, кейін
Г.Лейбництің лингвожобалық теориясы негізінде қалыптасты. 1879 жылы ең бірінші
халықаралық жасанды тіл волапюктің пайда болуымен байланысты интерлингвистиканың
әлеуметтік өмірде қолданылу кезеңі басталды. 1887 жылы эксперанто пайда болды.
Интерлингвистика проблемалары халықаралық лингвистикалық конгрестерде (1931,
1948) көтерілді. Ондағы негізгі мәселе жоспарлы (жасанды) тіл жасау және оны қолдану
мүмкіндігі болды. Көптілділікті жеңудің ең тиімді жолы
болып табылатын жасанды тіл
жасау идеясын О.Есперсен, Э.Сепир, А.Мейе, М.Дж.Бартоли, Ш.Балли, Ж.Вандриес
қолдады. Интерлингвистика адамның тілге тигізетін әсері, ғылыми және техникалық
номенклатураның халықаралық стандарт деңгейіне көтерілуі сияқты мәселелерге де үнемі
көңіл бөлді.
3. Контрастивтік лингвистика (салғастырмалы тіл білімі) жалпы тіл білімі
саласында 20ғ. 50ж. бері қарқынды дамыған бағыт.
Оның мақсаты екі, кейде бірнеше
тілдерді салғастыра зерттеп, олардың құрылымдық деңгейіндегі жақындығы мен
айырмашылығын анықтау. Ол әдетте тілдің синхрондық материалдарына сүйенді. Тілдің
әртүрлі деңгейіне қатысты еңбектердің сан жағынан көбі контрастивтік грамматикаға, аз
мөлшері контрастивтік фонологияға, одан да аз мөлшері контрастивтік лексика жүйесіне
байланысты. Басталуы 1957 ж. Р.Ладоның еңбегімен байланыстырылады. Дегенмен 19 ғ.
соңы мен 20 ғ. басындағы орыс ғалымдары А.А.Потебня, Ф.Е.Корш, Е.Д.Поливанов,
В.А.Богородицкий, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба
еңбектерінде контрастивті
лингвистика жөнінде бай материал сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: