Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет6/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Мәтін лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу нысаны – мәтін. 
Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық 
болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, 
мәтіндегі автор мәселесі т.б. жайттарды қарастырады. Мәтін лингвистикасының 
қалыптасуы тіл білімі салаларымен бірге (лексикология, семасиология, морфология, 
синтаксис, стилистика), жалпыфилософиялық (текстология, поэтика) және филологиялық 
емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) байланысты. Мәтін 
лингвистикасы 20 ғ. 60 жж пайда болды. Оның негізі Э.Бенвенист, В.Скаличка, 
С.И.Карцевский, В.Матезиус, Ш.Балли, В.В.Виноградов, З.Харрис т.б. еңбектерінде 
қалыптасқан. Бұдан басқа тіл білімінде «Мәтін теориясы» түсінігі бар.
Мәтін теориясы – 20 ғ. 2-жартысында мәтіндік ілім (текстология), мәтін 
лингвистикасы, поэтика, риторика, прагматика, семиотика, герменевтиканың түйісуінен 
пайда болғанфилологиялық пән. Көптеген пәнаралық түйісулерге қарамастан, ол өзінің 
болмысын сақтаған. 
Мәтін теориясы барлық таңбалық бірізділікті қамтиды, бірақ оның негізгі объектісі 
сөз мәтіні болып табылады. Мәтін теориясы туралы зерттеулер әдетте мәтіннің екі 


қасиетіне: қисындылығы мен тұтастығына бағытталады. Қисындылықта мәтіннің дұрыс 
құрылу-құрылмауы басты рөл атқарады. Мәтіннің тұтастығы оның элементтерінің 
функционалдық қызметімен байланысты. Мәтін теориясының жалпы функционалдық 
бағыттылығы әсіресе көркем мәтінді талдауда маңызды. 
Мәтін теориясы бойынша функционалдық талдауда мәтіннің мағыналық құрылымын 
жасау тәсілінде автордың еркіндігі алдын-ала ескеріледі. Бұл оның тілідк тәсілдер мен 
бірліктерді стильдің талабына сай шарттылықта зерттейтін стилистикадан және 
қалыптасқан нормаларды сақтау міндеттілігін талап ететін грамматикадан айырмасын 
көрсетеді. 
Талдау әдістері жеке мәтіндер көлемінде неғұрлым көне мәтіндерді не олардың 
үзінділерін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Әрбір мәтінде басқа мәтіндердің қоспасы 
(«мәтін ішіндегі мәтін») болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет