мен діндардың, ер мен әйелдің өзіндік сөз саптау ерекшелігі»
деп тілдің әлеуметтік
саралануын атап кеткен. [38, 13 б.]
«Социолингвистика» терминін алғаш рет 1952 жылы американ әлеуметтанушысы
Герман Карри ұсынған. Бірақ тілді әлеуметтік тұрғыдан тану мәселесінің тарихы әріде
екені белгілі. Жалпы алғанда, тілді зерттеу қай кезеңде де қоғамдық институттырдан, яки
әлеуметтік базистен бөлектенбеген. Себебі «Тіл тек қоғам бар жерде ғана қызмет етеді.
Сондықтан тілдің психикалық жағымен қатар, әлеуметтік сипаты да назардан тыс
қалмауы қажет. Ал тілтанымның негізінде жеке
тұлға психологиясы ғана емес,
әлеуметтанудың да үлесі болуы тиіс» деп жазады И.А. Бодуэн де Куртенэ.
Бүгінгі әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуына өз кезеңінде идеялық демеу
көрсеткендер қатарында Ресейде – Е.Д. Поливанов, Л.П. Якубинский, В.М. Жирмунский,
Б.А. Ларин, А.М. Селищев, В.В. Виноградов, Г.О. Винокур, Францияда – Ф. Брюно, А.
Мейе, П. Лафарг, М. Коэн, Швейцарияда – Ш. Балли, А. Сеше, Бельгияда – Ж. Вандриес,
Чехословакияда – Б. Гавранек, А. Матезиус сияқты ірі оқымыстылардың есімдері аталады.
Мәселен, бірде “тілдің барлық мүмкіншіліктері қоғамдағы қарым-қатынастың түріне
қарай салаланған, ал қарым-қатынастың осыншалықты түрлі болуы әлеуметтік
шарттылықтармен түсіндірілсе” (Ш.Балли), енді бірде “бірегей ұлттық тілдің әлеуметтік
жағынан жіктелуі сөйлеушілердің қоғамда иеленетін мәртебесіне байланысты”
болады
(А.Матезиус). Лексиканың
жаргон, арго, сленг т.б. секілді нормадан тыс қолданыстары
ұлттық тілдің ішкі құрылымдық жүйесін айқынырақ түсінуге мол мүмкіншілік береді
деушілердің де айғақ-дәлелдері өз алдына бір төбе (Б.А.Ларин, В.М.Жирмунский,
Д.С.Лихачев).
Проф. А.Салқынбайдың пікірінше, қазіргі әлеуметтік тіл білімі үш
сипатта
қарастырылады:
1.
Тіл мен қоғам;
2.
Белгілі жағдайға сәйкес сөйлеушілерді тану;
3.
Сөйлеушілердің әр алуан жас ерекшелігі мен әлеуметтік жағдайына байланысты
тілдік ерекшелігін зерттеу. Әлеуметтік тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны – қоғамдағы
тілдің қатынас құралы ретіндегі атқаратын қызметі; әлеуметтік, саяси,
мәдени діни
ахуалға сәйкес пайда болған тілдегі өзгешеліктер мен айырым белгілер; тілдік норма,
тілдік жағдай мен тіл саясаты, қостілділік пен көптілділік, т.б. күрделі факторлар.
Әлеуметтік тіл білімі – тіл мен қоғамның шартты байланыстарын да
тақырып ететін
ғылым саласы [39, 3 б.].
Достарыңызбен бөлісу: