Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41 Тақырып



бет56/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Эл силлабус

Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41
Тақырып: №15 зертханалық жұмыс: Айнымалы ток тізбегіндегі элементтерінің параметрлерін эксперименттік жолмен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Айнымалы ток тізбегіне вольтметр мен амперметрді жалғай отырып, кернеу мен токты өлшеу, өлшеу нәтижелерін өңдей отырып тізбектегі элементтердің параметрлерін анықтауға дағдылану, айнымалы ток тізбегіне Ом заңын қолдану.
Қажетті құрал-жабдықтар: мультиметр, катушка.
Негізгі сұрақтар:

  1. Ток күшінің, кернеудің, кедергінің өлшем бірліктерін ата?

  2. Ом, Ампер, Вольт дегеніміз не?

3. «Толық кедергі» дегеніміз не?
4. «Актив кедергі» дегеніміз не?
5. «Реактивті индуктивті кедергі» деген не және ол қалай анықталады?
6. «Реактивті сыйымдылық кедергі» деген не және ол қалай анықталады?
7.Айнымалы ток тізбегінде толық, актив және реактивті кедергілердің арасында қандай байланыс бар?
8.Айнымалы ток үшін Ом заңы қалай қорытындыланады?
9.Конденсатор арқылы тұрақты токты өткізуге бола ма? Жауабыңды негізде.
Тапсырмалар:
1. Зертханалық қондырғымен танысыңыз.
2. Мультиметрді кедергіні өлшеу рижміне келтіріңіз, және резистрдің кедергісін мәнін өлшеңіз.
Өлшеу нәтижелерін 1-кестеге жазыңыз.
3. 2-кезеңдегідей, - актив кедергіні, - катушканың индуктивтілік кедергісін өлшеп, өлшеу нәтижелерін 2-кестеге жазыңыз.
4. Тізбектің жалпы кедергісін есептеу үшін тізбекті жинаңыз. (1-сурет). Құрастырған тізбегіңізді оқытушыға тексертіңіз. Айнымалы кернеуді өлшеу үшін рижімі айнымалы токқа келтірілген мультиметірді пайдаланыңыз.
5. Құрылғының ток көзін қосып, мультиметрдің көрсетуін 2-кестеге толтырыңыз, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз. Ом заңын пайдалана отырып, толық реактивті индуктивті кедергіні есептеңіз
6. Тізбекке конденсатор мен индуктивті катушканы бірге қосыңыз. Оқытушыға тізбекті текскртіңіз.
7. Стендтің ток көзін қосыңыз жəне 3-кестеге мультиметрдің көрсетуін жазыңыз.Тапсырмада көрсетілгендей нұсқа бойынша , және сыйымдылығы бар конденсаторларды кезектесе қосыңыз.
8. Омның заңын қолдана отырып, толық реактивті индуктивті кедергіні және сыйымдылықтың кедергіні есептеңіз. Есептеңіз. Желінің жиілігі деп есептеп, катушкалардың L индуктивтілігін және конденсаторлардың , және сыйымдылығын анықтаңыз. Нәтижелер тиісті кестелерде жазылады.
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Попов П. И., Воронцов-Вельяминов Б.А., Куницкий Р.В. “Астрономия”, Изд. 5-е М.

  2. Бакулин П.И, Кононович Э.В., Мороз В.И. «Курс общей астрономии», Изд.2-е М. Наука.

  3. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин И.А.,Чаругин В.М., «Астрономия», М. «Просвещение».

  4. Бекбасар Н.М.,-Практикалық астрономия, -Алматы, 2000.

  5. Башарұлы Р., Қазақбаева Д., Тоқбергенова У., Бекбасар Н.-Физика және астрономия. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған байқау оқулығы. –Алматы, Рауан, 2000.

  6. Куликовский П.Г. Справочник любителя астрономии. –М.: Физматгиз. 1961, 494с.

Өткізу формасы: «букет» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет