Тақырып: №11 зертханалық жұмыс: р-n - ауысуды зерттеу. Жартылай өткізгішті диод
Жұмыстың мақсаты: р-n-ауысуды зерттеу, диодтың вольт-амперлік сипаттамасын тұрғызу.
Құрал-жабдықтар:зерттеу объектісі (онда түрлі диодтар орналасқан) және өлшеуіш құрылғы.
Негізгі сұрақтар:
n-типті және р-типті жартылай өткізгіштерді түсіндіріңдер.
Диодтардың шартты белгіленуі және таңбалануы.
Диодтардың вольт-амперлік сипаттамаларын қалай түсіндіресің?
Диодтардың қолданылуы.
Тапсырмалар:
Өлшеуіш құрылғыны желіге қосып, құрылғынының «Сеть» қосқышын басыңдар. Осы кезде өлшеуіш құрылғының мА, мкАжәнепФиндикаторы 0-ді көрсетіп, ВАХ және ПРЯМАЯ индикаторлары жану керек.
5 минут қыздыру қажет.
Зерттеу объектісінің алдыңғы жағындағы бұранда арқылы зерттелетін диодты тандаңдар.
p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы тура токтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар. Ескерту: Токтың мәні 50 мА-ге жеткеннен кейін өлшеуді тоқтатыңдар. Осы мәнде p-n ауысудың қоректену көзі токтың шектелу режиміне келеді.
Кері вольт-амперлік сипаттаманы алу үшін ПРЯМАЯ-ОБРАТНАЯбатырмасын басыңдар. Сол кезде ПРЯМАЯ индикаторы сөніп, ОБРАТНАЯ индикаторы жанады.
p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы кері токтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар. Ескерту: Кернеудің мәні 30 В-ке жеткеннен кейін өлшеуді тоқтатыңдар. Осы мәнде p-n ауысудың қоректену көзі кернеудің шектелу режиміне келеді.
Вольт-фарадтық сипаттаманы алу үшін ВАХ-ВФХ батырмасын басыңдар. Сол кезде ВАХ индикаторы сөніп, ВФХ индикаторы жанады.
p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы сыйымдылықтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар.
Тура вольт-амперлік сипаттаманы алу үшін ВАХ-ВФХ және ПРЯМАЯ-ОБРАТНАЯбатырмаларын басыңдар.
Өлшеуіш құрылғыға екінші диодты қосып, осы диод үшін 4-тен 8-ге дейінгі әрекеттерді қайталап жасаңдар.
Үшінші диодпен де дәл осылай жасап шығыңдар.
Алған мәндерді кестеге толтырып, зерттелетін p-n ауысудың графиктерін салыңдар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
1.С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
2.И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.
Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г
Өткізу формасы:«қара жәшік» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41
Тақырып: №12 зертханалық жұмыс: Өткізгіштерді параллель қосу заңдарын тексеру
Жұмыс мақсаты:Өткізгіштерді параллель қосу заңдарын тексеріп, дұрыс екендігіне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:қоректену көзі, вольтметр, амперметр, шамдар, резисторлар, жалғағыш сымдар.
Негізгі сұрақтар:
1.Электр тогы, электр кернеуіне сипаттама беріңдер.
2.Электр кедергісі деген не? Ол қандай шамаларға тәуелді? Ом заңы алай тұжырымдалады?
3.Өткізгіштерді параллель қосу ережесі қандай? Формулаларын қорытып шығарыңдар.
Тапсырмалар:
Достарыңызбен бөлісу: |