№14 дәрістің тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері
1. Жазу және жазба тіл.
2. Алфавит. Графика. Орфография.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі
жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу,
идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері:
шумер жазуы. көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді
жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр
жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия
жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, усарит жазуы, арамен жазуы,
манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы,
кирилица жазуы және т.б.
Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол
алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған
дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген.
Осыған орай жазудың мынандай түрлері бар екендігін айтқымыз келеді: 1) пиктографиялық
жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп
аталады.
Графика-белгіді бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе белгілеу
тәсілдерінің жиынтығы. Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді. Қазіргі
уақытта дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке сүйенеміз.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жазудың тарихы
2.
Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні
3.
Жазудың түрлеріне мысалдар келтіріңіз
№15 дәрістің тақырыбы: Тілдердің классификациясы
1.
Тілдердің геналогиялық классификациясы
2.
Тілдердің типологиялық (морфологиялық) классификациясы
Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша
тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері деп
халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.
Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар:
ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялык
классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин — шығу тегі бір,
біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген - бір семьяға
жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана
емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да болуы
мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да
құрылымдық,
яғни
морфологиялық
ұқсастық
болады.
Типологиялық
классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан
топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип,
инкорпоративті тип.
Ареалдық
топтастыру
-
географиялық
яғни,
территориялык,
орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданылабермейді.
Бұл тек диалектология, ареалдық лингвистикада сөз болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Дүниежүзі тілдері
2. Дүниежүзі тілдерінің топтастырылуы
3. Ареалдық топтастыру
Достарыңызбен бөлісу: |