Қорыта айтқанда: Сөз әр түрлі формаларға ие. Ол формалар грамматикалық
мағыналарды білдіреді. Сөз формаларының екі түрі бар: бірі - сөздердің синтетикалық
формасы, екіншісі - сөздердің аналитикалық формасы.
№12 дәрістің тақырыбы: Сөз таптары
1.
Сөз таптары және олардың классификациясы
2.
Сөз таптарының шығуы мен дамуы
Сөз
таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары жағынан
ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері арқылы (көптелу,
жіктелу деген сияқты) ажыратылады. Грамматикалық белгілердің өзі екі түрлі. Оның
бірі — морфологиялық белгі, екіншісі — синтаксистік белгі
.
Морфологиялық белгінің қатарына сөз тудыру формалары (жұрнақтар) мен сөз
түрлендіру формалары (жалғаулар) енеді.
Мысалы:
етік+ші, өн+ім –
зат есімдер;
дене+лі, тұз+ды, айт+қыш, тап+қыш —
сын есімдер;
таға+ла, шеге+ле, қан+а, өрт+е — етістіктер. Бұлар - сөз тудырушы
аффикстер арқылы жасалған. Ол аффикстер әр сөз табына телініп, олардың
грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарып тұр.
Ал
үй+лер, қала+ға, кіші+рек, кел+ді+к, бар+са деген сөздер түрлендіруші формалар
арқылы жасалғандар. Бұл сөздердегі жалғаулар да жоғарыдағы жұрнақтар сияқты бір сөз
табын екінші сөз табынан ажыратуға себепші болып тұр. Мысалы,
осы сөздердегі -лар, -ға
жалғаулары зат есімдерге тән болса,
-рек сын есімдерге тән. Ал
ді+к пен
-са жалғаулары
етістіктерге тән. Бұлар - тиісті сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық белгілер.
Сөйтіп, морфологиялық белгі дегеніміз - бір сөз табындағы сөзді басқа бір сөз
табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.
Ал синтаксистік белгі дегеніміз — белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі
қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа сөздермен тіркесу қабілеті.
Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш
немесе толықтауыш қызметін
атқарады. Бұл — оның жалпы категориялды мағынасы; олар - заттық, ұғымдық мағыналармен
тығыз байланысты.
Сын есімдер мен сан есімдер зат есімдермен емін-еркін тіркесе алады. Бұлай болуы
занды да. Өйткені сапа, сан әрқашан затқа телулі болады. Осыған орай сын есімдер мен сан
есімдер анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұл жердегі бағынышты мүше - сын есімдер мен сан
есімдер.
Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар етістіктермен тіркесіп
(олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын, мезгілін, мекенін, күйін білдіреді.
Етістіктердің негізгі қызметі — сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-әрекетін,
қимылын білдіреді.
Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім мен сан
есім — анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа ешқандай сөйлем
мүшелері бола алмайды екен деген үғым тумасқа тиісті. Олар қолданылу ыңғайына карай
сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы - оларға
тән басты қызмет емес, қолданылу барысында туған, екінші қатардағы қызмет.
Қорыта айтқанда: сөз таптары дегеніміз ~ бір-бірінен 1) жалпы категориялды мағынасы,
2) морфологиялық 3) синтаксистік белгілері арқылы ажыратылатын, лексика-грамматикалық
(дұрысы семантика-грамматикалық) сипатқа ие сөздер тобы екен.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи даму барысында біртіндеп
жасалатындығын үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан да көрінеді. Мысалы:
қазақ
тілінде босқа, зорға, бірге (барыс сеп.); кейде, қапыда, бірде (жатыс сеп.) жүресінен, кенеттен
,
(шығыс сеп.); жайымен, ретімен (көмектес сеп.); орыс тілінде: вечером, порой, издавна,
вплотную т.б. Бұлар — үстеулер. Олардың түбірлері — зат есімдер (қапы, жайы, реті), сын
есімдер (бос, зор), сан есімдер (бір), есімдіктер (кей). Бұл есім сөздерге септік жалғаулары
жалғаньш, пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында үстеулерге айналған. Көрсетілген
үстеулердің құрамындағы жалғаулары сол сөздердің айрылмайтын бөлшегіне айналып,
көнеленіп кеткен. Оларды сөздердің түбірінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Олар
түбірге сіңісіп кеткен. Сөйтіп, сөз лексикаланып, пысықтауыштық қызмет атқарып, басқа сөз
табына айналған.
Қорыта келгенде, сөз таптары бірден емес, тілдің тарихи дамуы барысында
біртіндеп
сараланды, дамыды. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялды мағынаға ие болады,
морфологиялық жағынан тұлғаланады. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға
ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.
Достарыңызбен бөлісу: