Бұл тұрғыдан жазу (писать), жазушы (писатель) дегендер бір сөздің формалары болып
саналмайды, өйткені жазу - іс әрекетті көрсетсе,
жазушы - жазуға бейім, жаза алатын адамды
көрсетеді. Ал жақсы - жақсылық, келді — келеді —
келсе десек, бұлар – грамматикалық
формалар. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әр
түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын — грамматикалық формалар деп
атаймыз. Мысалы ек, ексін, егейік - бұлар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары. Ал
ек, егінші, егіс - дегеңдер ек түбірінен жасалған әр қилы сөздер. Өйткені соңғылар әр басқа
лексикалық мағыналарды білдіріп тұр. Формалардың
ішінде біреуі негізгі, ал қалғандары
туынды болады. Мысалы, атау септік - негізгі форма, қалған - туынды формалар.
Туыңды формалар негізгі формалардан жасалады. Екінші жақ бұйрық рай формасы
(жаз) — негізгі форма, ал ашық рай (жазды), шартты рай (жазса), қалау райы (жаз+ғы+м
келеді) — туынды формалар.
Сөз формаларының екі түрі бар: 1)
синтетикалық формалар, 2)аналитикалық
формалар.
Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация
арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол -
столы, ағыл. table (үстел) — tables (үстелдер). Бұл сөздердің
көпше формалары
аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация,
инфиксация, суффиксация
деген түрлері
бар.
Бұлар сөздің қай жерінен
қосылатындығымен ерекшеленеді.
Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар — жалғаулар (көптік, тәуелдік,
септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз
тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у,
жайы+мен т.б.
Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл.
man (ер, еркек) — men (ерлер, еркектер),
GAST
(қонақ) — gaste (қонактар). Соңғы сөз әрі
ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған.
2) Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің аналитикалық формасы дербес (атауыш)
сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл —
екі сөздің тіркесі
емес, форма емес, бір сөздің күрделі (аналитикалык) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел
дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына
жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл
жағынан жатыр көмекші етістігінің кызметі
келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек,
Достарыңызбен бөлісу: