Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

№7 дәрістің тақырыбыЛексикография 
1. 
Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік
2. Түсіндірме сөздіктер 
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ңылыми әдістері дегенді білдіреді. 
Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдары жинау және 
оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық 
жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау 
лексикологияны және лексиграфияның теориясы мен іс – тәжірибесін жете білуді қажет 
етеді. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1) Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше 
дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. 
Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді 
қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі 
тілдің сөздіктері (современные словари) деп аталады.
2) Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды 
мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді 
бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, боның белгілі бір дәуіріндегі 
сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. 
Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. 
Сөздердің бұл түрін арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминелогиялық сөздік
синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б) жатқызуға болады. 
3) Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып 
түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік 
түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер. 
4) Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе 
сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет – ретімен көрсетілуіне қарай екі 
түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер 
(идеологические словари) немесе ұғымцдар сөздігі (понятийный словарь). 
Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады. 
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат 
беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік. 


ІІ. Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолдануылуы жайлы 
мағлұмат беретін сөздікутер. Бұлардың қатарына енетіндер:
1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік.
4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі 
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін 
сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық 
сөздік. 
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. 
Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік. 
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді 
қамтып, олардың мағыналарын талдап – түсіндіруді, әдеби тілдің лексиаклық
семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді. 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 1 томы 1959 жылы, ал 2 томы 1961 жылы 
жарыққа шықты. Бұл «Сөздік» - қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы 
тәжірибесі. 
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық 
тұрғвдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен 
айтылуы да көрсетіледі. 
Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр 
сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылған. 
Мысалы, зат. (зат есім), сын. (сын есім), ес. (есімдік), үс. (үстеу) т.б. Архаизмдер мен 
историзмдерден кейін осы сөздердің бірінші буынынан құралған белгілер (арх, ист
қойылған. 
Сөздікке енген әрбір сөздің лексикалық мағынасы (немесе мағыналары) түсіндіріліп, 
оған анықтама беріледі. Сөзге берілген анықтаманың түсінікті және тұжырымды болуы 
көзделеді. Кейде сөзге анықтама оның синонимі арқылы беріледі. Мысалы, алыс деген сөз 
оның синонимдері қашық, шалғай деген сөздермен түсіндірілсе, ажарлы деген сөз 
көркем, әдемі, сұлу деген сөздер арқылы түсіндіріледі. Сөздің синонимі болмаған 
жағдайда оның мағынасы түсіндірме сөздердің тізбегі арқылы анықталады. Мысалы, 
етікші деген сөзге аяқ киім тігетін адам деген түрде түсіндірме анықтама беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет