Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

 
№6 дәрістің тақырыбы Тілдің сөздік құрамы 
1. 
Сөздік құрам және оның дамуы
2. Терминдер және терминология
Тілдің сөздік құрамы немесе лексикасы төл сөздер мен басқа тілдерден енген (кірме) 
сөздерді де, ғылыми техникалық терминдер мен дара дара сөздің эквиваленті ретінде 
жұмсалатын фразеологизмдерді де қамтиды.
Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі - негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік 
қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы. 
Дамудың барысыцнда тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген (көнерген) сөздердің 
шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы мүмкін. Көнерген 
сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Өздері белгіленген 
заттар не құбылыстар
өмірде қолданылудан қалады да, осының нәтижесінде олардың 
атаулары – сөздер де көнеріп, активті сөздіктен шығып қалады. Мұндай сөздер 
историзмдер деп аталады. Мысалы: сәукеле, қорамсақ, болыс, атқамінер, ояз, жарапазан, 
киіт кию, сауын айту және т.б. 
Қазір де басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары 
архаизмдер деп аталады. Мысалы, Қараша жел тоқсан мен сол бір-екі ай, қыстың басы 
бірі ерте, біреуі жай (Абайдан) деген сөйлемдегі қараша – қазірде октябрь деп аталатын 
айдың бұрынғы, ескіше аты да, желтоқсан – ноябрь айының ескіше аты (архаизм). 
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Мысалы: 
космонавт, жердің жасанды спутнигі, космодром, планета аралық корабль және т.б. 
Неологизмдер- тың сөздер ретінде қаралады да, көнерген сөздерге (историзмдер мен 
архаизмдерге) қарама-қарсы құбылыс болып саналады. 
Жаңадан жасалған сөздер тың екендігі аңғарылып тұрған кезінде ғана неологизмдер 
ретінде танылады. Уақыт озған сайын олар да әбден сіңісіп кетеді, бұрыннан бар сөздер 
сияқты жиі қолданылады, Үйреншікті сөздерге айналады да, неологизм болудан қалады. 
Демек, неологизмдер тілдегі өткінші құбылыс болып саналады. 
Сөздің мағыналық жақтан даму барысында көп мағыналары бір-бірінен 
алшақтап,бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары 
басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-
семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі тіл-тілдің 
бәрінде де кездеседі. Орыс тіліндегі «дүние жүзі» , «әлем» деген мағынадағы мир сөзі мен 
«бейбітшілік» деген мағынадағы мир деген екі сөз (омонимдер) бір ғана сөздің (мир) 
семантикалық жақтан дамуы нәтижесінде жасалған. Қазақ тілінде «өсімдіктің тамыры» 
деген мағынаны білдіретін тамыр деген сөз бен «өте жақын дос» деген мағынаны 
білдіретін тамыр сөзі де бір сөздің әр түрлі мағыналарынан алшақтап, ақырында, әр 
басқа ұғымдардың атауы болуының нәтижесінде жасалған. Түркі тілдерінің бәрінде
дерлік көк сөзі «аспан» дегенді және белгілі бір түсті (синий) білдіреді. Бұл екеуінің шығу 


тегі бір болғанмен, қазір де екі басқа мағынасы бар әр түрлі сөздер ретінде ұғынылады. 
Семантикалық тәсіл арқала туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл – өте 
баяу болатын құбылыс.
Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы 
арқылы жасалады да, сөз тудырудың бұл тәсілі морфологиялық тәсіл деп аталады. 
Морфологиялық тәсіл өз ішінде бірнеше түге бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің 
түркі тілінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл болып саналады. Бұл 
тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы, қарлы, 
достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір, өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, 
басқарма, басшы, басшылық, бастау, бастама және т.б. сөздер енеді.
Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі арқылы күрделі-біріккен сөздер (мысалы: басқұр, 
отағасы, шекара, көлбақа, тасбақа, әркім және т.б.), күрделі-құрама сөздер (мысалы: 
асық жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, боз қырау, боз торғай, қара торғай және т.б,), 
күрделі-қос сөздер (мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, қас-қабақ, алыс-жақын, ұзынды-
қысқалы, үлгі-өнеге, сауық-сайран, алыс-беріс, ащы-тұщы және т.б.) жасалды.
Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы туынды 
сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы кеңейіп байиды. 
Тілдің сөздік құрамы басқа тілдерден енген кірме сөздермен де толығып, байып 
отырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет