№9 дәрістің тақырыбы: Грамматика
1. Грамматика және оның салалары
2.
Морфема туралы ұғым
Грамматика-тілдің
құрылысын
зерттейтін
тіл
білімінің
саласы.
Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және
синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық
мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың
керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу
тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері:
тарихи және сипаттамалы.
Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші
мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір
морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың
түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.
Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына
дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі
қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма
дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз
формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық-грамматикалық
мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер:
аффиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі,
екпін, интонация.
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық
формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік,
көптік, жақ, шақ, рай етіс.
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология -
сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен
тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз
топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай
сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын,
сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Синтаксис
сөз
тіркесін,
сөйлем
мүшелерін,
сөйлем
түрлерін
қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу,
жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-
интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және
сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай
сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас
сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы баяндаңыз
2.
Сөйлемнің қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |