Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

 
№10 дәрістің тақырыбыГрамматикалық тәсілдер 
1. 
Аффиксация тәсілі
2. Ішкі флексия тәсілі 
Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы
беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану 
тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) 
интонация тәсілі. 1. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану 
арқылы грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл 
әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. Мысалы , -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары 
қосылып, үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде лексикалық (деривациялық) мағынаны 
білдірсе, үйлерімізде деген сөзде -лер, -і, -міз, -де жалғаулары грамматикалық (реляциялык) 
мағынаны білдіреді. Аффиксация тәсілі, түркі тілдерінен басқа, үнді еуропа тілдерінде де 
бар. Бірақ оларда сөз басқашалау. Айталық, славян, оның ішінде орыс тілінде сөз 
септелгенде немесе жіктелгенде көп жағдайда түбірдің фонемалық кұрамы өзгеріп кетеді 
.
;
Мысалы: сон - сна, ходить - хожу т.б. Ал түркі тілдерінде олай емес. Түркі тілдерінде 
сөздердің септелуі немесе жіктелуі түбірдің фонемалық құрамын өзгертпейді. Мысалы: 
ұйқы—ұйқыға — ұйқыны - ұйқыдан; жүр — жүрмін — жүріңдер т.б. 
Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - 
флексия тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі
арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит 
тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі "жазу" деген сөз - ktb деген 
дауыссыз дыбыстардан құралады . Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол "жазып отырушы", 
кітап", kutub - "кітаптар", каtава — "жазды", aktub — "мен жаздым ", uktub — "сен жаз". 
Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына 
дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз. 
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі
флексия неміс (mutter - шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet - аяқтар), орыс 
называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) — убрать 
(несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына 
бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге 
аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. 
Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет