ІІ. Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолдануылуы жайлы
мағлұмат беретін сөздікутер. Бұлардың қатарына енетіндер:
1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік.
4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат
беретін
сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық
сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер.
Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді
қамтып, олардың мағыналарын талдап – түсіндіруді,
әдеби тілдің лексиаклық,
семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 1 томы 1959 жылы, ал 2 томы 1961 жылы
жарыққа шықты. Бұл «Сөздік» - қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы
тәжірибесі.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық
және стилистикалық
тұрғвдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен
айтылуы да көрсетіледі.
Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр
сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылған.
Мысалы,
зат. (зат есім),
сын. (сын есім),
ес. (есімдік),
үс. (үстеу) т.б. Архаизмдер мен
историзмдерден кейін осы сөздердің бірінші буынынан құралған белгілер (
арх, ист)
қойылған.
Сөздікке енген әрбір сөздің лексикалық мағынасы (немесе мағыналары) түсіндіріліп,
оған анықтама беріледі. Сөзге берілген анықтаманың түсінікті және тұжырымды болуы
көзделеді. Кейде сөзге анықтама оның синонимі арқылы беріледі. Мысалы,
алыс деген сөз
оның
синонимдері қашық, шалғай деген сөздермен түсіндірілсе,
ажарлы деген сөз
көркем, әдемі, сұлу деген сөздер арқылы түсіндіріледі. Сөздің синонимі болмаған
жағдайда оның мағынасы түсіндірме сөздердің тізбегі арқылы анықталады. Мысалы,
етікші деген сөзге
аяқ киім тігетін адам деген түрде түсіндірме анықтама беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: