Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

Курстың мақсаты:
тіл туралы ғылымның негізімен таныстыру, тіл білімінің түрлі 
ғылым салаларымен тығыз байланысын таныту, тіл туралы ғылымның алғашқы бастамасы 
болып табылатын бұл курста тіл теориясын, атап айтқанда, тілдің ішкі құрылымы және 
оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функционалдық және 
құрылымдық баламаларымен байланысын студенттерге түсіндіру.
 
 


Курстың міндеті:
1. Тыңдаушыларға тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық 
білім беру; 
2. Тілдің қоғамдық мәні мен оның негізгі қызметтерімен таныстыру; 
3. Тіл туралы ғылымның негізгі бөлімдеріндегі тілдің ішкі құрылымы – фонетика және 
фонология, лексикология және лексикография, грамматика мен оның құрамдас 
бөліктері қарастыратын шешуші ұғымдарды меңгерту; 
4. Дүние жүзі тілдері жіктелімдерімен және оларды жүйелеу қағидаларымен таныстыру.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша) 
Бітіруші: 
- өзінің кәсіби саласында білікті болуы, өмірлік мәселелерді шешуде жинақы тәжірибесі 
болуы, оқытудың белгілі технологияларын қолдана алуы және жаңа түрін жасай алуы 
керек; 
- өзекті және болашақта керекті білімді, зияткерлік және практикалық шеберлік пен 
дағдыларды, шығармашылық әрекет тәжірибесін меңгеруі керек. Білім беру үрдісін 
басқара алуы және өмірде дамып жатқан білім беру жағдайларының жаңа түрлерін
жобалап, жүзеге асыра алуы керек.
- өзінің, сонымен қатар кәсіби қызметін зерттеу тәсілінің әдістерін меңгеруі, келелі 
жағдайларда кәсіби біліктілікті азаматтық жауапкершілікпен үйлестіре отырып, сындарлы 
жұмыс істей алуы керек.
- отандық тарих, философия, қазақ және шет тілдері, ақпараттық технологиялар, экология 
бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгеруі керек. 
- лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының жалпы теориялық базасын, сонымен 
қатар арнайы дайындық негізін қалайтын бағдарлық теориялық білімін білуі керек.
- педагогикалық қызметте өзінің шығармашылық, зерттеу тәсілін қолдана алуы керек. 
- Жалпы құзырет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет