Білім беру бағдарламасы 6В01810 «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»



бет2/4
Дата18.05.2022
өлшемі161.57 Kb.
#457060
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
практика

Зерттеудің пәні: оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесі.
Зерттеудің әдістері: Диплом тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, талдап қорыту; оқу– әдістемелік құжаттарды талдау; тәжірибелік жұмыс жүргізу, оның нәтижесін математикалық талдау арқылы өндеу және қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Оқушы тұлағсын қалыптастыруда педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқушы тұлағсын қалыптастыруда педагогикалық технологияларды пайдалану жолдарының жаңа нұсқалары жасалды.
3. Оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі ғылыми - педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
1. Заманауи оқыту процесінде қазақстандағы білім беру мәселелері анықталды.
2. Оқыту үрдісіндегі жаңа педагогикалық технологиялардыпайдалана отырып оқытудың әдіснамалық негіздері қарастырылды
3. Білім беру жүйесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолданудың жолдары бойынша жүргізілгeніс - тәжірибeлік жұмыстaр көрсеткіштері негізделді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:заманауи білім беру жүйесінің негізгі ерекшеліктері және мектеп мұғалімдерінің ақпараттық технологияны меңгеруі, мектептегі білім беру мазмұны мен әдістемесіне қатысты теориялар.
Зерттеудің базасы: Көкшетау қаласының «С. Жүнісов атындағы №18 мектеп - лицейі» КММ

Оқушы тұлғасының қалыптасуының педагогикалық алғышарттары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет