Білім беру бағдарламасы 6В01810 «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»


Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне негізделген



бет3/4
Дата18.05.2022
өлшемі161.57 Kb.
#457060
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
практика

Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне негізделген. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар аудару қажет:
– жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
– кемшіліктерге шыдамдылық;
– қатеге құқықты;
– тиым салмай, бағыттау ; бұйрық бермей , ұйымдастыру ; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңашыл технологиялары дүниеге келуде.Қазіргі таңда 50-ге жуық технологиялар ашылып,сарапталған. Оқыту барысында жаңашыл технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой -өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Дамыта оқыту технологиясы- күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіндегі орны ерекше. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама – қарсы альтернативті оқыту түрі.
Атап айтқанда, В.В. Ворнов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, В.М. Шепель технология өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы дейді. Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан дүниесін, тілін, ерік- қайраты, мінезін, дарынын дамытуға бағытталады. Ойлаудың өзін ғалымдар өнімді - өнімсіз, шығармашылық-шығармашылық емес деп бөледі. Ал дамыта оқыту тұлғаның шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы шығармашылық жұмыстарда оқушы -мұғалім іс - әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі оқытудағы мұғалім- оқушы қарым –қатынастарынан мүлдем бөлек.
1 – кесте. Оқушы – мұғалім іс- әрекеті.
Оқушы іс - әрекеті
Мұғалім іс - әрекеті
1. Проблеманы шешуші. Өнім жасаушы.
2. әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іздеуші, табушы.
3. Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен қарым-қатынасқа түсуші (жоба, модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).
4. Керегінде мұғалімді де пікір таласына шақырушы.
5. Өз еңбегін саралаушы, қорытындылаушы.
Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жағы оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл- ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады.Дамыта оқытуда оқушылардың пікір жазып үйренуі үлкен рөл атқарады. Оқыған әңгіме, мақала, баяндама, реферат түрлеріне пікір жазуға үйретуде оқытушы түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануы қажет. Оқушылардың қабылдауын, ойлануын, қиялдануын, сөйлеуін дамытуға тікелей бағыттауда шығармашылық жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті, еңбектенуді қажет етеді.
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіредіСыни тұрғыдын ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады.
Сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы –ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Венн диаграммасы”,"Еркін жазу”,"Семантикалық карта”сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қолдандым.
Топтық жұмыстың артықшылығы: 1- Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
2- Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді, 3- Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді; 4- Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді; 5- Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. 6- Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда сапалы білім беру – бүгінгі күннің заманауи талабы. Жахандану заманында оқушылардың білікті тұлға болып шығуы – бүгінгі күнде біздердің,яғни мұғалімдердің құзырында. Сондықтан да белгілі ағылшын ғалымы Уорд былай деген екен:
Жай мұғалім – хабарлайды.
Жақсы мұғалім- түсіндіреді.
Керемет мұғалім – көрсетеді.
Ұлы мұғалім – шабыттандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет