Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» Кафедра: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия Пән



бет2/10
Дата30.09.2024
өлшемі316.5 Kb.
#504159
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аяуканы

Синтетикалық препараттар – негізгі компоненттері өндірісте (зертханада) синтезделетін препараттар. Синтетикалық препараттар маңызды жетістіктердің бірі. 1865 жылы ағылшын хирургы Джозеф Листер алғаш рет карбол қышқылын (фенол) операция кезінде хирургтың аспаптары мен қолдарын дезинфекциялау үшін пайдаланған болатын. Бұл науқастар арасында өлімді айтарлықтай төмендеткен. Құрамында азоты бар синтетикалық органикалық заттар өте көп және әр түрлі. Оларға нитроқосылыстар, аминдер, азоқосылыстар, аминқышқылдары, қышқыл амидтер, цианидті қосылыстар, көптеген гетероциклді қосылыстар және т.б. жатады.
Органикалық дәрілік заттарды ароматты қатардағы дәрілік заттар және алифатты қатардағы дәрілік заттар деп екіге жіктеуге болады. Алифатты қатардағы дәрілік заттардың қарапайым өкіліне метанның туындысы – хлороформ, ароматты қатардағы дәрілік заттарға фенол және оның туындылары, ароматты қышқыл - карбон қышқылының туындылары және т.б. жатады.
Галогенкөмірсутек туындыларының наркотикалық әсер ету қабілеті бар. Наркотикалық белсенділігі галоген түріне байланысты және наркотикалық әсері Cl-Br-I қатары бойынша төмендейді. Сонымен қатар, интенсивтілігі және әсер ету ұзақтығы галогеннің атом санына байланысты өседі:
CH4 CH3Cl CH2Cl2 CHCl3 CCl4

Алынуы.


Спирт, альдегид, кетон және т.б алифатты қосылыстар молекуласына галоген туындыларын енгізу арқылы галогенкөмірсутек туындылары алынады. Этилхлоридті этанолға концентрлі тұз қышқылымен әсер ету арқылы (t0, сутартқыш әсері бар зат қатысында) синтездеп алады:


C2H5OH + HCl C2H5Cl + H2O

Хлороформ синтезі гипохлоридтің немесе хлорлы әктің ацетонда, этанолда немесе ацетальдегидте жүреді. Заманауи өндірісте СНСІ3-ті NaCl электролизінде этил спирті немесе ацетон қатысында өндіреді.


сыртқа, консервант ретінде қолдануға арналған хлороформ және наркозға арналған хлороформ. Қолданылуына байланысты хлороформ тазартылады және тазалыққа қатысты талаптар орындалады.
СHСІ3 тазарту сумен, кейін конц. Н2SO4-пен жуады. Соңғысы шығымды және аралық өнім синтезін (спирт,ацетальдегид, т.б) ерітеді немесе бұзады. Кейін қышқылды NaOH бейтараптандырады, СHСІ3 сумен жуады және оны айдайды. ЭЭЭ кептіргіште кептіреді, қалған ылғалды СаСІ2 мен (күйдірілген) алып тастайды.
Наркоз үшін СHСІ3 төмен температурада t=-70 фракциялық катализацияда қосымша тазартудан өтеді. Кристалдар жуылады және сығылады. Қоспалар салицил қышқыл туындыларының әлсіз байланыстарын қолданып тазартуғада болады. Премиситерді отмывают,ал қосылыстар бұзылады. түзілген СHСІ3 жоғары дәрежеде таза болады. Әдіс
2 моль СHСІ3-пен кристалданатын ангидрид салицил қышқылының түзілуіне негізделген.
Су моншасында кешенді қыздырғанда бастапкы қосылыстардың бұзылуы жүреді: Ацетон мен хлорлы әктің қатысында аналлогты процесс жүреді:
2 CH3-C-O-CH3 + 6 CaOCl2 2 CCl3-C-O-CH3 + 3 CaCl2 + 3 Ca(OH)2
2 CCl3-C-O-CH3 + Ca(OH)2 2 CHCl3 + (CH3COO)2Ca
Йодоформ қатты көмірсутек галоген туындысына жатады. алынуы СHСІ3-ды синтездеп алады:
8 NaOH + 4 I2 → 4 NaIO + 4 NaI + 4 H2O C2H5OH + NaOI → CH3-COH + NaI + H2O CH3-COH + 3 NaIO → CCl3COH + 3NaOH CCl3COH +NaOH → CHI3↓ + HCOONa
C2H5OH + 6 NaOH + 4 I2 CHI3 + 5 NaI + 5 H2O + HCOONa
СHСІ3 ыдыс түбіне бірнеше сағат тұнған соң, қалдықты фильтрлеп, сумен І- теріс реакция боғанша жуады. Алынған препарат күннен қорғалған жерде, содан соң 35- 40˚Стан жоғары емес жерде кептіріледі.
СHСІ3 антисептикалық зат ретінде сеппе немесе жақпамай түрінде сыртқа қолданылады.

Спирттер және олардың эфирлері


Спиртердің физикалық,химиялық және фармакологиялық қасиеттері құрамындағы – ОН тобымен анықталады. Молекулаға –ОН тобын енгізу, кез келген фармакологиялық қосылыстың улылығын төмендетеді. Төмен молекулалық көмірсутектер молекуласы құрамында –ОН тобының болуы улылығын төмендетеді, алнаркотикалық әсерін жоғарлатады. Бір атомды спирттердің улылығы құрамындағы С атомының санына байланысты. СН3ОН өте улы. 6 көміртек атомы бар спирттердің улылығы әлде қайда төмен, ал көміртек саны 16-нікі улылығы жоқ. Бұл спирттің ерігіштігінің өзгеруімен және ағзада сіңірілуіне байланысты.
Көп атомды спирттердің құрамындағы –ОН тобының көбеюі улылығын төмендетеді. Наркотикалық белсенділігі біріншілік-екіншілік-үшіншілік қатарында азаяды. Біріншілік спирттердің разветвленной цепью фармакологиялық белсенділігі, дұрыс құрылысты спирттерге қарағанда жоғарылау. Спирт молекуласына галоген немесе пайда болған непредельных байланыстар наркотикалық белсенділігін жоғарлатады.
Медицинналық және фарматцевтикалық тәжрибеде біратомды спирт-этанол және үшатомды-глицериннің маңызы зор.
АЛЫНУЫ, спиртті құрамында крахмалы бар шикізаттан алады. Шикізатта майдалап, клейстер тәрізді қою масса түзілгенше 140-150˚С бумен булайды. Суытылған массаға солод (құрамында амилаза ферменті бар, ұнтақталған арпа) қосады. Амилаза -мальтозадан крахмал алу процессін катализдейді:
2 (C6H10O5)n + n H2O n C12H22O11
Құрамында мальтоза ферменті бар ашытқыны қосу,глюкозаның түзілуіне алып келеді: С12H22O11 + H2O → 2 C6H12O6
Ашу процессі ашытқы құрамында зимази ферментінің қатысында 30-35˚С-та тоқтайды:


C6H12O6 2 C2H5OH + 2 CO2
Құрамында қанты бар шикізаттардан спирт алу, мальтоза және зимази ферменттерінің қатысында 2 стадиядан тұрады. Процесс СО2 газының бөлінуімен аяқталады.
Ашу нәтижесінде құрамында 14-18% спирт бар ашытқы түзіледі. Оны, алдымен 70%, кейін 96% спирт түзілгенше ректификациялайды. Оның құрамында ашу нәтижесінде пайда болған қоспа қосымша зат болады:


СН3СОСОН- метилглиоксоль, СН3СОСООН- пировиноградную қышқылы,
Ацетальдегид СН3СОН, глицерин. Қоспалардан тазарту белсендірілген көмір арқылы жүзеге асады.
Этил спирті-тұдырма,экстракт, сыртқы қолдануға арналған дәрілік түрлерді алуда кең қолданылатын органикалық ерітінді.
Spiritus aetylicus 95%(90,70,40%).
Мөлдір, түссіз, ұшқыш, өткір иісті ашы дәмді қозғалмалы сұйықтық. Оңай тұтанады және түтінсіз көкшіл жалыңмен жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет