Этил күкірт қышқылын алу. Бөлек аппаратта (немесе эфиризаторда) 95-96˚С этил спиртін үздіксіз құйя отырып, эфаризатордың t˚C 50˚С –тан жоғары болып кетпеуі керек, купарос майынан ( құрамында 92,5% H2SO4бар ) алады.2 тәулік ұстаған соң эфиризациялайды.
Эфиризация. Напорлы бакқа булы немесе ортадан тепкіш насос арқылы спиртті айдайды, кейін тұрақтандырғыш насосқа түседі,оның температурасы 60-70˚С-қа дейін болуы керек. Қыздырылған спирт эфиризаторға түседі. Эфиризатор –ЭСК толтырылған, қорғасын салынған , болаттан жасалған целиндірлі аппарат. Процесс қызғанға дейін змеевика көмегімен ЭСК 120-125˚С –қа дейін қызады. Эфиризаторда спирт қорғасын барботер көмегімен аппараттың түбіне түседі. Шикі заттың сапасы, спиртті беру жылдамдығымен оның концентрациясына байланысты.
Шикі эфирдің буын бейтараптандыру.Аппараттан шығарда, шикі эфирдің буы пайда болады. NaOH-тың әлсіз ерітіндісімен қабат арқылы барботирлеу үшін, бу тарелкалы бейтараптандырғыштың төменгі бөлігіне келіп түседі. Сілті бейтараптандырғыштың жоғарғы бөлігіне, тарелкаларға өтіп, H2SO4 буын
бейтараптандырып, төмен қарай ағады. SO2 газы және т.б қышқылды өнімдер түзіледі. Егер реакция қышқылды болса, онда бейтараптандырғышқы сілтінің түсу мөлшерін көбейту қажет. Шикі эфирде шамамен, эфирдің 51%,спирттің 21%, судың 27% мөлшері бар. Эфирдің бейтараптандырылған буы конденсацияланбай, үздіксіз істеп тұрған ректификация колонкасына түседі.
Шикі эфирді ректификациялау. Үш қоспадан тұратын шикі эфирді ректификациялау бірнеше әдіспен жүзеге асады. Бір әдісінде, алдымен суды бөліп алады, ал қалған спиртті-эфирлі қоспаны бөлу үшін басқа колонкаға жіберіледі. Немесе, алдымен оңай қайнайтын эфирді бөліп алады,ал спиртті-сулы қоспаны айдау үшін басқа колонкаға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |