Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


-сурет – Экология тарауы бойынша 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімдерінің динамикасы



бет13/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
автореферат

9-сурет – Экология тарауы бойынша 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімдерінің динамикасы
Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесінде биология пәнін оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен логикалық есептерді қолдану бақылау тобына қарағанда тәжірибелік топтарда оқу үлгерімнің орташа балы – 4,25 - 4,33, яғни 10 - 13% -ға артты. Демек, биологияның жекеленген бөлімдерін оқушылардың меңгеру деңгейі мұғалімнің сабақ барысында оқытудың инновациялық әдістерін және жаңа тақырыпты түсіндіруде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын логикалық және математикалық есептеулерді қолдана білуіне, пән мұғалімдерінің математикалық сауаттылығы және химиялық білімдеріне тікелей байланысты.
Сонымен қатар, химия және биология мамандығын бітірген мұғалімдермен салыстырғанда, тек биологияны оқып бітірген мұғалімдерде математикалық білімнің жетіспеушілігінен математикалық есептерді шешуде қиындық тудыратындығы анықталды. Dudley, Brian., 1977 деректеріне сәйкес, әлі күнге дейін биолог мұғалімдерінің математикалық сауаттылық білім деңгейі қазіргі уақытқа дейін өзекті мәселе екендігінің дәлелі болып отыр.
Жаңа білім беру жағдайында оқушылардың биология материалдары бойынша логикалық ойлауын қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары айқындалды: логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған арнайы тапсырмалар жүйесін қолдану; олимпиада мәселелерін шешуде оқушылардың белсенділігін арттыру, Оқушылардың биологиядан математикалық есептерді қолдану арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың жетістігі - мұғалімнің жеке басына, біліктілігіне, жаңа сабақ беру барысындағы түбегейлі жұмысына, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдеріне және әрине, ең бірінші математикалық білімді қажет ететіндігімен байланысты екендігі анықталды.
Жалпы білім беру мектептеріндегі биология курстарының оқу бағдарламасында пән мұғалімдерінің математикалық есептеулерді дұрыс қолдануы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Мектепте биология курстарын оқытуда математикалық есептеулер арқылы логикалық есептердің жаңа түрлерін бағдарламаға ендіру және оларды шығарудың жолдары арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптас-тырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолдану ерекшеліктері оқушылардың білім деңгейлерін көтеретіндігі анықталып, нақтыланды.
Мұғалімнің биология курсын оқытуда логикалық қабілеттерін дамыту мақсатында математикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолдану тәжірибесінің оқушының оқу үлгерімін жақсаратындығы айқындалды.
Сондықтан берілген тақырыпты оқытудың инновациялық әдістердің көмегімен оқыту үрдісінде оқушылардың тек қана математикада емес, сонымен қатар басқа мектеп пəндерін сəтті игеруіне қажетті білім, дағды жəне қабілеттер деңгейі жоғарылауына септігін тиетіндей етіп құрастыру қажет. Сонымен қатар, пән мұғалімі сабақ жүргізу жоспарын құрастырып, мақсатқа жетуде күтілетін нәтижелерге қол жеткізудің тиімді тәсілдерін таңдап, тірек-сызба модельдерін және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жетік меңгерген жағдайда қол жеткізе алады.
Сонымен, биология сабағында логикалық және математикалық есептеу-лерді қолдану - оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, биологияның негізгі ұғымдарын түсіне білуге және қорытындылап тұжырымдай білуге және алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Оқушылар биологияның басқа да ғылымдармен байланыстылығын түсінеді. Биология пәнінің мұғалімі тек биологиялық білім ғана емес, сонымен қатар математикалық білімді де игеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет