Білім беру бағдарламасы: 7М02201 «Тарих және әлеуметтік-дінтану ғылымдары»



бет3/12
Дата24.05.2024
өлшемі41.14 Kb.
#501786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отан тарихының өзекті мәселелері силлабус 2023-2024 о.ж.

Пәннің міндеттері: - Тас дәуірі адамдарының Қазақстан территориясындағы ескерткіштері мен тұрақтары туралы білім беру;
- қола дәуіріндегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, материалдық және рухани мәдениеті туралы білім беру;
- студенттерге ерте темір дәуірінде Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттердің (Үйсін, Қаңлы, Ғұн) пайда болуы жөнінде білім беру;
- студенттерге көшпелі өркениеттің әлемдік өркениетке тигізген әсері жөнінде білім беру;
- ежелгі Қазақстан тарихына қатысты терминдер жөнінде білім беру.
Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы курсында Қазақстан тарихы пәнінің мақсаттары мен міндеттері, деректері мен тарихнамасы мәселелерінен бастап, тас дәуірінің кезеңделуімен ерекшеліктері, Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың тіршілігі, тұрақтары мен қоныстары, еңбек құралдарының жасалуы туралы мәселелер жүйелі түрде қарастырылады.
Сондай-ақ қола дәуіріндегі адамдардың қауымдастығы, рулар мен тайпалар, шаруашылық түрлері, археологиялық ескерткіштері, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, сармат тайпалық одақтарының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мәселелер Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы курсында қарастырылатын негізгі бөлімдер болып табылады.
Оқыту нәтижелері:
- Қазақстанның ежелгі дәуір тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін білуі;
- Қазақстанның ежелгі дәуір тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шегін білуі;
- ежелгі замандағы Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуі;
- алғашқы адамдардың мекен-тұрақтарын, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын білуі және сипаттай алуы;
- ежелгі замандағы Қазақстан жерінде мекендеген тайпалардың діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін білуі;
- көшпелілер өркениетінің тарихтағы орнын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін білулері тиіс.
3. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет