Тақырып 3.5. Сыншыл және шығармашылық ойлаудың сөйлеумен байланысы.
Сөйлеу адамның ерекше психикалық үдерісі ретінде.
Сөйлеу мен ойлаудың байланысы
Сөйлеу (тіл) мен ойлау қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау шындық болмысты бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасың, байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған. Адам заттың танымдық және әлеуметтік-тарихи тәжірибесі жинақталып, ойлаудың әр түрлі формаларында (ұғым, категория, теория түрінде) берілген. Ойлау процестері өзара күрделі қатынастағы үш негізгі түрден тұрады: практикалық-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөйлеу-логикалык. Ойлаудың құралы — тіл, оған басқа таңбалар жүйесі де жатады. Таңбалык кызмет арқылы тіл ойдын материалдык күйін білдіреді. Практикалықәрекеттік кызметтен басқа ойлау түрлерінің психикалық, нағыз табиғи сипаты бар, ал тіл болса ол өзінін бастапқы жаратылысында-ақ физикалық-материалдық құбылыс. Тіл мен oйлаудың байланысы қандай дәрежеде екенін және онын нақты сипатын анықтау — теориялық тіл білімі мен философияда ежелден-ақ әр түрлі пікірлер туғызған. Тіл мен oйлауды бірдей құбылыс (Ф. Э. Шлейермахер,И. Г. Гаман) немесе тілге ерекше мән беріп, оймен өте жақын құбылыс (В. Гумбольдт, Л. Леви-Брюль) деумен бірге, ол екеуінін арасындағы тікелей байланысты жоққа шығарған (Ф. Э. Бенеке) пікірлер орын алған. Психологияда адамның ойлауы мен сөйлеуінің ерекшеліктері көптеген ғалымдарды толғандырған мәселелердің бірі болып табылады. Ойлау мен сөйлеуге қатысты әрқилы тұжырымдар айтылып, бұл мәселе көптеген ғалымдардың зерттеулеріне ие болды. Осыған орай, психологияда ойлау мен сөйлеуге нақты анықтама беріліп, олардың ерекшеліктері жан – жақты талданды. Ондағы ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ал сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу. Адам ойлау мен сөйлеу арқасында қарым – қатынасқа түседі. Адамның көпғасырлық еңбек етуі нәтижесінде осы қарым – қатынас құралы сөз пайда болғанына еш күмән жоқ. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісе немесе келіспеушілік білдіреді. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектелген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипай сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының қызметі ерекше. Сөздік сигналдарды дұрыс сараптай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен: жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «қоңырау» деп айтқанда немесе оған қарап сөйлегенде, сол қоңыраудың дыбысына ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөз бен сөйлемге қарағанда қарым – қатынас аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым – қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым – ишара (жест), белгі таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т.б.) бір – біріне ақпарат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы сияқты толып жатқан атрибуттар да қарым – қатынастық қызмет атқарады. Биховцористер ой мен ішкі сөйлеудің ешбір айырмашылығы жоқ дегенді айтады. Бұлардың айтуынша, ол дыбыссыз сөз болып табылады. Дегенмен ой мен сөз екі басқа процесс, бірақ үнемі бірлікте болып келеді. Сөз материалдандырып отырады, К. Маркс айтқандай, ой шындығы ылғи да сөз арқылы көрініп отырады. Дж. Уотсон адамның ойлауын, оны іштей сөйлеумен және вербалды емес коммуникацияның құралдарымен салыстыра отырып, өте кең түсінген. Дж. Уотсон ойлаудың негігі үш формасын бөліп қарастырған: а) сөздік дағдылардың қарапайым ашылуы (сөздердің ретін өзгерпестен, тақпақтарды немесе цитаттарды қайта жаңғырту); б) жаңа емес, бірақ сирек кездесетін тапсырмаарды шешу, сондықтан олар байқап көру сөздік мінез – құлықты талап етеді; в) қандай да бір ашық айқындалған 3 Кітап: Дәріс: Ойлау және сөйлеу Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде әрекет жасағанға дейін сөздік шешуді талап ететін, ағзаны ауыр жағдайға қоятын жаңа тапсырмаларды шешу. Дж. Уотсон бойынша, ойлаудың үшінші формасы “мәнді емес, кіру кезіндегі сәттерден босатыла отырып, лабиринтке алғаш рет кез болған егеуқұйрықтардың мінез – құлқына ұқсас адамзат баласының мінез – құлқының тек аздаған бөлігін ғана білдіреді. Ал осы ретте сөздің қызметі қандай? Жалпы сөз дегеніміз не? Ең алдымен тура этимологиялық мағынасына тоқталайық. Сөз– зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыләрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Сөздің негізгі белгілері: Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады; Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді; Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді; Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады. Ал, сөз ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретіндегі сипаты қандай? Осы тақырыпта автор «Сөз дегенде біз әрқашан оның бізге бағытталған сыртқы жағын ғана білетінбіз. Айдың екінші беті сияқты, оның ішкі жағы бұрын да, қазір де зерттелмей, белгісіз болып қалды. Тап осы екінші жағында ойлау мен сөйлеуге қатысты бізді қызықтыратын сұрақтардың шешімі жатыр, өйткені сөздің мағынасының өзінде-ақ біз сөз түрінде ойлау деп атайтын бірліктің түйіні байланған» деп мәселенің қызықты әрі өзекті тұсын айқындап береді. Автордың сөздің мағынасына қатысты «сөздің мағынасы да табиғаттағы басқа дыбыстармен араласып кетіп, мәнінен айырылған дыбыс сияқты, біздің санамыз бен ойымыздың барлық басқа актілерінің теңізінде сіңісіп, байқалмай кетті. Соған орай, адам сөзінің дыбысына қатысты қазіргі заман психологиясы тек адам сөзінің дыбыстағы ерекшеліктері ретінде не жүретіні туралы айта алмайтыны сияқты, сөздің мағынасы аймағын зерттеуде де психология санамыздың әр түрлі ойлары мен ой-көрініс, ұсыныстары сияқты сөздік мәнді біркелкі сипаттаудан басқа еш нәрсе айта алмайды» дей келе жаңа көзқарастарға үлкен жол ашады. Сөз мағынасының психологиялық табиғатының теориялық түсініктемесіне тоқтала отырып, Выготский өз зерттеуінде байқағандай, ассоциативті психология да, кұрылымды психология да сөздің мағынасының табиғаты туралы сұраққа қанағаттандырарлықтай еш жауап бермейді. Сөз әрқашанда арнайы бір ғана затқа емес, заттардың бүкіл тобы немесе бүкіл класына жатады дейді автор. Осыған орай, әрбір сөз жасырын жалпылауды береді, психологиялық көзқарас тұрғысынан сөздің мағынасы, ең алдымен, жалпылауды білдіреді. Алайда жалпылау дегеніміз — ақиқат өмірді тікелей түйсіну мен қабылдауда бейнелеумен салыстырғанда, мүлдем басқаша бейнелейтін, ойдың шамадан тыс сөздік актісі деп түсіндіреді. Диалектикалық секіріс тек ойлай алмайтын (ойсыз) материядан сезінуге қарай ауысу ғана емес, сонымен бірге сезінуден (түйсінуден) ойға ауысу деп айтқан кезде, осы сөз арқылы ойлаудың тікелей сезінуден гөрі шынайылықты (ақиқат дүниені) санада әлдеқайда сапалы түрде басқаша бейнелейтіндігін көрсеткісі келеді. Дәл осы бірліктің сапалы ерекшелігі негізінде және ең бастысы ақиқат дүниені жалпылай бейнелеу деуге толық негіз бар сияқты. Осыған орай, Выготский тап қазір психологиялық жағынан ашуға тырысқан сөз мағынасы мен оның жалпылануы ойлау актісін құрайды деп қорытындыға келеді. Алайда, онымен қоса, мағына — сөйлеу және ой патшалығына бірдей жататындықтан, сөздің ажырамас бөлігін құрайды. Мағынасыз сөз — сөз емес, бірақ жай ғана дыбыс. Мағынасынан айрылған сөз сөйлеуге жатпайды. Сондықтан да мағына табиғаты бойынша әрі сөздік құбылыс, әрі ойлау құбылысы болып табылады. Автор «Сөздің мағынасы нені білдіреді? Ойлау мен сөйлеуді ме?» деген сұрақ қойып, оған жауап іздеуге тырысады. Выготский былай дейді: «Ол бір мезетте сөйлеу де, ойлау да болады, себебі ол сөз түріндегі ойлаудың бірлігі болып табылады. Егер бұл осылай болса, онда бізді қызықтыратын мәселені зерттеу әдісі — семантикалық әдіс, сөйлеудің мағыналық жағын зерттеу әдісі мен сөздік мәнді зерттеу әдісінен басқа әдіс болмау керек» деген ойды қорытады. Осы жолда ғалымда ойлау мен сөйлеуге қатысты қызықтыратын сұрақтарға тікелей жауаптарды іздеді. Өйткені бұл қарым-қатынастың өзі таңдаған бірліктің құрамында бар және бұл бірліктің кұрылымын, жұмыс істеуі, дамуы мен қимыл-қозғалысын зерттей отырып, ойлау мен сөйлеуге қатысты сұрақтарды және сөз түріндегі ойлау табиғаты туралы сұрақтарды анықтаута мүмкіндік береді деп ойлады. Ойлау мен сөйлеудің арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін қолданылған әдістер қандай да бір күрделі бірліктің қасиеттерін синтездік зерттеу мүмкіндігімен талдауға тән барлық Кітап: Дәріс: Ойлау және сөйлеу Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде 4 қасиеттерді біріктіруге басым мүмкіндік бергенін ескеру керек. Сөйлеудің алғашқы қызметі қарым-қатынас орнату. Сөйлеу, ең алдымен, әлеуметтік қарым-қатынас жасау және түсіну мен өз ойын айтып жеткізу құралы. Сөйлеудің бұл қызметі, әдетте, элементтерге бөлшектейтін талдауда интелектілі (ақыл-ой) қызметінен ажыратылып тасталатын да, екі қызмет сөйлеуге бірдей және бір-бірінен тәуелсіз қызмет ретінде танылып келді. Сөйлеу — бір өзінде қарым-қатынас және ойлау қызметін қоса алып жүрді, алайда бұл қызметтің бір-бірінің арасындағы қарым-қатынас қандай, осы екі қызметтің сөйлеуде болуына қандай жағдай әсер етті, олар қалай дамиды және осы екеуі бір-бірімен құрылымы жағынан қалай біріккен — осылардың барлығы Выготскийге дейін зерттелмеген. Дұрыс түсінуге және ой мен күйзелісті арнайы жеткізуге негізделген қарым-қатынас еңбек үрдісінде қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындаған адамның сөйлеуі прототипі болған, болатын және әрқашан бола беретін күралдың белгілі жүйесіз сөзсіз талап етеді. Алайда ең соңғы кезге дейін бүл іс, психологияда басымдық көрсеткен көзқарасқа сәйкес, шамадан тыс қарапайым түрде ұсынылып келді. Қарым-қатынас құралы белгі, сөз, дыбыс деп ұйғарылды. Осы шатасқан түсінік элементтерге ыдырататын барлық сөйлеу мәселесінің талдауы дұрыс шешілмеуінен туындап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |