Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып


Тақырып 2.3. Оқу мен жазу барысында сыншыл ойлаудың дамуын зерттеу



бет11/19
Дата02.01.2022
өлшемі193.64 Kb.
#454367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Лекции

Тақырып 2.3. Оқу мен жазу барысында сыншыл ойлаудың дамуын зерттеу.

Технологияны қарастыру.

Сыншыл ойлаудың мәселелері

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз ар-қылы бейнелеуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмай-ды.

Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәлімет-терді өңдейді.Ойлау сезімдік мағлұматтарды не-гізінде ғана мүмкін болатын нәрсе.Елестерде жал-пылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлде-қайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады. Адам ойлауының маз-мұнын, білетін – объективтік шындық. Адамға ал-дына мақсат қойып оны шешуге ұмтылдыратын – оның қажеттері.

Ойлау - өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтар-ға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ой-лаудың пайда болуына жаңа белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор.

Ойлау тәсілдері

Ой тәсілдерінің түрлері көп.

Ойлау процесі талдау мен жинақтау тәсілдері-нің басталады. Бұлар түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған тү-рі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

Анализ бен синтез – бірімен-бірі тығыз байла-нысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесі -нің негізгі компоненттерінің бірі.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп ата-латын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттар-дың бір түрлі бегілерін көрсетумен қабат, басқа бел-гілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсете-ді. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.

Абстракцияға қарама - қарсы процесті нақтылау деп аталады. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегеніміз біртекті заттардың, құбы-лыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгі-лерін таба білу керек. Жалпылау тәсілі бізге сырт-қы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құ-былыстарды белгілі принцип бойынша орналасты-руды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Мәселен, жануарлдар – типке, типтен – класқа, кластан – отрядқа, отрядтан – отбасына, отбасыдан – текке, тектен – түрге т.б. жүйеленеді.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пі-кір шығару тәсілі.

Ой қорытындыларының үш түрі бар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет