Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып



бет12/19
Дата02.01.2022
өлшемі193.64 Kb.
#454367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Лекции

Индукция –жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды.

Аналогия– ұқсастық бойынша ой қорытындыла-рын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тар-тылыс заңын топқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қоз-ғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозға-луы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде анало-гияны келтіреді.

Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынас-тарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады.

Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысқан. Бұлар-дың ішінде логика мен психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы,дамуы,қалыптасуы жолдарын,яғни жеке адам-ның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарас-тырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекеті-нен заңдары мен формаларын айқын-дайды, адам ойы-ның нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел,ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ре-тінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланыс-ты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Пси-хологияда ойлаудың үш түрі қарастырыла-ды.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік – логикалық.

Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамы-ту практикалық іс-әрекеттік, көрнекі - бейнелік, сөздік-логикалық.

Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қа-тынастары мен маңызды байланыстарын табу.

Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екін-шіге көшіре білу.

Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қо-рытынды жасау.

Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диа-лектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекет-терінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру .

Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу про-цесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты да-муына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселе-нің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Ақыл-ой еңбегі мәдениеті ойлау мәдениеті сыншыл ойлау мәдениеті.

Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.




Ойлаудың нейрондық өзара

байланыстылығы




ОЙЛАУ

Шешім қабылдаудың психофизиологиялық тетіктері

Шешім

қабылдау үшін

Іздестірілген

мүмкіндіктер



Шешім қабылдау

деңгейлері



Психиканың

қызметтік жүйесін

ұйымдастыру

Ойлау операция-

Сының бірліктері



Нейрондық

кодтар



Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын да-мыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсет-ті.

     Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамы-туға ықпал етуге болады:



1.Ойлаудың икемділігі.

2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.

3.Ойлаудың сынилығы.

4.Ойлаудың мақсаттылығы.

5.Ойлаудың жалпылығы.

6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.

7.Анықтылығы,дәлелдігі.

   Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мә-дениетін көтеруге, олардың  интеллектуалдық потенциа-лын дамытуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет