125
бухгалтерлер мен дизайнерлер жəне басқаларды тарту тəжірибесі бар кəсіпкерлер тобы
жұмыс істейді.
Инкубатордың акселератордан
ерекшелігі, ол венчурлық қорлардан инвестиция
тартудың алдында бұрыннан қалыптасқан бизнесті «өсіру» негізінде жұмыс істейді. Осыған
байланысты бағдарламалардың негізі инвестициялық талдау мəселелерін тереңірек зерттеу,
мəмілелерді құрылымдау жəне инвесторлармен қарым-қатынас жасау арқылы ерекшеленуі
мүмкін.
Инкубаторда, акселераторда өздерінің жұмыс істеу кезеңінде жүздеген стартаптармен
айналысады жəне атқарған қызметтері үшін компания капиталындарынан өз үлестерін алады.
Мұнымен қатар, жобалар қатаң сынақтан өтеді. Сонымен, шетелде акселератор əдетте
стартаптың 75%-ы құрайды, ал инкубатор 25-33% аспайды.
Бұл қалған стартаптар жұмыс
істемейді жəне жабық дегенді білдірмейді, бірақ оларға инвестицияларды
іздеуге қатысуы
үшін даму стратегиясын өзгерту қажет.
Инкубатордың жəне акселератордың басты міндеті – стартаптардың бизнестегі
нарықтық бағасын жəне кəсіпқойлығын арттыру, сонымен қатар
өндірілетін өнім немесе
қызметтің одан əрі дамуы үшін жағдай жасау. Бұл салада жобалардың табыстылығын бағалау
нұсқаларының бірі – инкубаторлар мен акселераторлар стартап резиденттерін
қаржыландырудың өсуі болып табылады. Сонымен,
шетелдегі ұйымдардың жұмысы
стартаптың 3-4 есе өсуін көздейді, егер инкубатор мен акселератор ірі ойыншыларға сатылған
жобада өз үлестерін сақтаған кезде, онда өсім 8-10 есе болуы мүмкін. Инкубаторлар немесе
акселератормен жұмыс істей бастаған кезде өз қаражаттарын инкубаторға немесе
акселераторға жұмсайтын белсенді бизнес-инкубаторлардың қауымдастығы да болады.
Достарыңызбен бөлісу: