Ақпарат қажеттілігі – материалдық емес қажеттіліктердің бір түрі – белгілі бір
мəселені шешу немесе белгілі бір мақсатқа қол жеткізудегі ақпарат қажеттілігі.
Ақпарат қауіпсіздігі – қажет ықтималдылықпен ақпараттың жəй-күйін, ақпараттық
ресурстарды жəне ақпараттық жүйелерді жойылу,ұрлау, жоғалту жəне т.б. жағдайлардан
қорғау.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпаратты құруға, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға
арналған жүйе.
Ақпараттық жəне коммуникациялық желі – ақпаратты тасымалдау жəне өңдеуге
арналған техникалық құралдар жиынтығы.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып бір-бірінен
қашықтықта орналасқан пайдаланушылардың нақты уақыт режимінде жүзеге асырылатын
сөйлесу əрекеті.
Аутентификация (Түпнұсқалық растама) – қандай да бір компьютерлік жүйеге немесе
ондағы деректерге қол жеткізуге қажет болған жағдайда өздерін жариялайтын
пайдаланушы немесе бағдарлама адамға немесе бағдарламаға ұқсас екенін анықтауға
мүмкіндік беретін процесс.
Бағдарлау – байланыс желісіндегі шақыру немесе деректер блогы тағайындалған жерге
жетуі мүмкін жолды анықтау процесі.
Байланыс инфрақұрылымы – байланыс жолдарын қамтитын аумақтық бөлінген
көздер мен алушылар арасында ақпарат алмасуды, электромагниттік сигналдардың əртүрлі
тарату құралдарын, сонымен қатар сигналдарды қабылдау, беру жəне тасымалдау кезінде
олардыөңдеуді қамтамасыз ететін жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз ететін желілік
инфрақұрылым.
Байланыс технологиялары – ақпаратты жүзеге асыру жолдары жəне оларды беру
үрдістері мен əдістері.
Байт (byte) – екілік кодтың (биттің) сегіз дəрежесіне тең (белгілер, сандар, графика,
дыбыс, бейне жəне т.б.) кез-келген нысандағы ақпарат көлемінің негізгі бірлігі. Сонымен
қатар, үлкен өлшем бірліктер де қолданылады: килобайттар (1024 байт), мегабайттар (1024
кб), гигабайттар (1024 мб).
Достарыңызбен бөлісу: |