127
Білім (пəндік аймақ туралы) – пəндік аймақ туралы жаңа ақпарат алу үшін оған
қолданылуы мүмкін пайдалы ақпарат пен процедуралардың тұтас жиынтығы.
Білім базасы –
объектілердің қасиеттері, процестердің заңдылықтары жəне жаңа
шешімдер қабылдау үшін берілген жағдайларда деректерді пайдалану ережелерінен
тұратын белгілі бір пəндік сала туралы ақпараттың формальды жүйесі.
Веб-бет – WWW-де орналасқан жəне URL арқылы анықталған
гиперсілтемелері бар
дара құжат.
Веб-сервер – басқа WWW компьютерлеріне құжаттарды ұсыну кезінде тиісті
сұратуларды жіберетін компьютерде орнатылған бағдарлама.
Векторлы бейне – бұл математикалық сипаттаманы
қолдана отырып жасалған
қарапайым объектілердің бейнесі.
Гипермəтін (Hypertext) – сілтемелер бойынша көшу мүмкіндігі бар интерактивті орта
типін сипаттайтын ұғым. Сөздерге, сөз тіркестеріне немесе
суреттерге ендірілген
сілтемелер (URL форматының адресі) қолданушыға (меңзерді орнатып мауыстың сол жақ
батырмасын басу) мəтінді немесе сызбаны жəне олармен байланысты ақпарат пен
мультимедиалық материалдарды тез арада таңдау мүмкіндігін береді.
Гипермедиа (Hypermedia) – тораптардағы сілтемелер
арқылы қосылған ақпаратты
дискретті ұсыну əдісі. Деректер мəтін, графика, дыбыс жазбалары,
бейне жазбалар,
анимациялар, фотосуреттер немесе орындалатын құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Гипермедиа – гипермəтінді жүйелердің жинағы.
Гиперсілтеме (Hyperlink) – құжаттың өзінде, басқа құжаттарда, соның ішінде əртүрлі
компьютерлерде орналастырылған ақпараттың түрлі компоненттері арасында байланыс
үшін қолданылатын құжат элементі.
Достарыңызбен бөлісу: