Білім беру бағдарламасы: Жалпы медицина Курсы: 3 Пән коды және атауы: pf 3214 «Патологиялық физиология» Кредит саны: 6


Қан жүйесі бойынша ситуациялық есеп



бет20/21
Дата27.09.2023
өлшемі119.87 Kb.
#478841
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Силлаьус 2023 ОМ каз

Қан жүйесі бойынша ситуациялық есеп:
Бала В., 2 жаста, 5-ші жүктіліктен шала туылған (анасы 25 жаста), 2 аптасынан бастап жасанды тамақтанған, жиі суық тиюмен ауырған. Баланың тәбеті төмендейді, терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш, шашы түсуі, бұрыштық стоматит, гипс, көмір, борды тұтынуға бейімділік бар.
Қан анализі: гемоглобин – 60 г/л, эритроциттер – 3,0х1012/л, ретикулоциттер – 2,5% тромбоциттер – 180х109/л, лейкоциттер формуласы: миелоциттер – 0, метамиелоциттер – 0, Р – 3, Е – 4, С – 2. В – 0, Л – 39, М – 7, ЭТЖ – 18 мм/сағ, айқын анизоцитоз (микроциттер), орташа пойкилоцитоз; базофильді түйіршікті эритроциттер.
Қан сарысуындағы темір – 5,1 мкмоль/л, тура емес билирубин – 12 мкмоль/л.
1. Бұл гемограмма анемияның қай түріне тән екенін көрсетіңіз.
2. Осы анемияның пайда болу себептері.
3. Осы патология үшін қанның суреті.
4. Осы анемияның клиникалық белгілері.
5. Анемияның осы түрін емдеу принциптері.


Жауабы:
1. Темір тапшылықты анемия.
2. Созылмалы қан жоғалту (асқазан, ішек, жатыр); жүктілік пен лактация кезінде темірге қажеттіліктің жоғарылауы және оны тұтыну; аштық, темірдің сіңуінің бұзылуы.
3. Гипохромды анемия (түс көрсеткіші 0,5-0,7), микроцитарлық, гипорегенеративті, нормобластикалық, анизоцитоз (микроцитоз), пойкилоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения.
4. Созылмалы теміртапшылықты анемияның клиникалық көрінісі құрғақтықпен және тері өңінің төмендеуімен, тырнақтардың сынғыштығымен, шаштың түсуімен, тілдің шырышты қабатының атрофиясымен, тіс жегісінің күшеюімен, дәмнің бұзылуымен, миастениямен көрінеді. Барлық осы белгілер гемиялық және тіндік гипоксияның көрінісі болып табылады.
5. Қоздырушы факторды жою (этиотропты терапия); гипоксиямен және қышқылды түзететін жүйенің бұзылуымен күресу (патогенетикалық емдеу), анемияның салдары мен жағымсыз белгілерін жою (симптоматикалық емдеу).

Жауаптарды бағалау төмендегі критерийлер бойынша есептеледі:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет