Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Сабақ - мектептегі оқытудың негізгі түрі



бет6/22
Дата25.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487934
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
программа-ГАК-каз-2020-2

5.1.13. Сабақ - мектептегі оқытудың негізгі түрі
Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұны, сабақтардың міндеттері мен мазмұнына қарай топтастырылуы. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылар іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыру әдістері. Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымы. Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мұғалімнің дайындығы.
5.1.14. Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу
Мектеп жасында дене қасиеттерін дамытудағы негізгі талаптар. Мектеп жасындағы балалардың дене қасиеттерін тәрбиелеу ерекшеліктері. Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс қабілеттерін тәрбиелеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері. Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерінің даму деңгейін бақылау.
5.1.15. Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын өткізудің құрылымы мен әдістемесі
Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының морфофункцио-налды және психологиялық ерекшеліктері. Білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері. Дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері. Қимылдарды үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, сабақтағы іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқару әдістемелерінің ерекшеліктері.
5.1.16. Дене шынықтыру бойынша сыныптан тыс жұмыстары
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері. Мектептің оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары.
5.1.17. Оқушылардың дене шынықтыруы бойынша мектептен тыс жұмыстары
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны. Дене шынықтыру ұжымы (спорт клубы). Жүйелі түрде және ауық-ауық жүргізілетін жұмыс түрлеріне сипаттама.
5.1.18. Ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтырудың негізгі бағыттары.
Тұрғындардың ересектер контингентіне сипаттама. Дене шынықтыру ерекшелігін сипаттайтын әлеуметтік факторлар. Ересектердің дене шынықтыру мәселесінің биологиялық аспектілері. Мәселенің мәдениеттану аспектісі. Ересектердің дене шынықтыруының негізгі бағыттарының мақсаты мен міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет