Білім беру бағдарламасы Мамандығы: "06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер"


Біліктіліктің/біліктіліктердің коды және атауы



бет3/4
Дата05.10.2022
өлшемі63.32 Kb.
#461981
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Білім беру бағдарламасы

Біліктіліктің/біліктіліктердің коды және атауы:

3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы













Өңір:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы







ТжКОБ ұйымы (әзірлеуші):

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі МКҚК







Әзірлеуші - серіктестер:

"Оргтех" ЖШС







Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Компьютерге әр түрлі мәліметтерді енгізу, оларды өңдеу, сақтау, компьютерлік техниканы пайдалану, компьютерді жұмыс жағдайында ұстау, ақауларды іздеу мен істен шыққан элементтерді жөндеу жөніндегі практикалық міндеттерді өз бетінше және жауапкершілікпен шешуге қабілетті мамандарды даярлау







ҰБШ бойынша деңгейі:

3







СБШ бойынша деңгейі:

3







Кәсіптік стандарт (бар болса):

Стандарт «Техническое сопровождение компьютерного аппаратного обеспечения» Басқарма Төрағасы орынбасарының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47 бұйрығына қосымша. № 259 «Компьютерлік жабдықты техникалық қамтамасыз ету»







WorldSkills кәсіптік стандарты (бар болса):

Компетенция 17 Веб-дизайн







Оқыту түрі:

күндізгі







Білім деңгейі:

негізгі орта білім







Оқыту тілі:

мемлекеттік







Кредиттердің жалпы көлемі:

180







Білім беру ұйымының әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңесінде жұмыс берушінің және/немесе индустриялық кеңестің келісімімен білім беру ұйымының паспортын мақұлдау туралы (отырыс хаттамасынан үзінді) қарастырылған күні:

05.04. 2022 ж







Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның нөмірі:

№KZ93lAA00016084







Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нөмірі:

№KZ93lAA00016084







Осы мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өту күні (бар болса):

№VET-SA-000240 өту күні 4.06.2021ж.







Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері:

жоқ























ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР БЕЙІНІ

Оқыту мақсаты

Әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарда компьютерге әр түрлі мәліметтерді енгізу, оларды өңдеу, сақтау, компьютерлік техниканы пайдалану, компьютерді жұмыс жағдайында ұстау, ақауларды іздеу мен істен шыққан элементтерді жөндеу жөніндегі құзыреттілік элементтерін қалыптастыру, студенттерге өзекті білім беру

ЭҚЖЖ* сәйкес секцияның, бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атауы ( Кәсіби стандарт бойынша)

Секция: J Ақпарат және байланыс
Бөлім: 62 Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да байланысты қызметтер
Группа: 62.0 Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да байланысты қызметтер
Класс: 62.09. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы басқа да қызмет түрлері
Подкласс: 62.09.0 Ақпараттық технологиялар және есептеуіш жүйелер саласындағы өзге де қызмет

Құзыреттер саласы (Кәсіби стандарттың немесе мамандықты талдаудың негізгі еңбек фунциялары бойынша)**

- Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының жабдықтарын техникалық қызмет көрсету;
- Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының жабдықтарын жөндеу және диагностикалау;
- Жабдықты жөндеуден кейін қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау;
- Жабдықты пайдалану көрсеткіштерінің есебін жүргізу.



МАМАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР ТІЗБЕСІ
БАЗАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

Құзыреттер коды

Базалық құзыреттер

Базалық модуль

БҚ 01

Физикалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру

Физикалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру

БҚ 02

Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияны қолдану

Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияны қолдану

БҚ 03

Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану

Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану


КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

Құзыреттер коды

Кәсіби құзыреттер
(еңбек функцияларына сәйкес)

Кәсіби модуль

КҚ 01

Еңбек заңдылығын және компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау

Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау

КҚ 02

Электроника және электротехника заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерін қолдану

Электротехника және электроника сызбаларын оқу және жасау, электр құрылғыларымен жұмыс істеу

КҚ 03

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің қызметін қамтамасыз ету

Компьютерге техникалық қызмет көрсету, жинақтау, перифериялық құрылғыларды қосу

КҚ 04

WEB технологиясын қолданып жоғары деңгейлі тілдерде бағдарламалау

WEB қосымшаларды жобалау

КҚ 05

Желілік жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Компьютерлік желіні жобалау және модельдеу, желілік жабдықты баптау


МАМАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ

Коды

Қалыптастырылатын құзыреттілік

Коды

Оқыту нәтижесі
(негізгі құзыреттер бірлігі)

Оқыту критерийлері

Оқыту нәтижелерін қалыптастыратын пәндердің атауы

БҚ 01

Физикалық қасиеттерін дамыту және жетілдіру

ОН 1.1.

Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты

  • Салауатты өмір салты негіздері мен мәдениетін ұғынады;

  • Бұлшықетке жүктеме түскен кездегі тыныс ал, қанайналым және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері қызметінің физиологиялық негіздерін сипаттайды;

  • Жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар кешенін орындайды. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін сақтайды;

Дене тәрбиесі

ОН 1.2.

Дене қасиеттері мен психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.

  • Дене тәрбиесі жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін сипаттайды;

  • Командалық спорт ойын қағидаларын сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау техникасын меңгереді;

  • Үйренген ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді оқу ойынында қолданады;

  • Бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тестерін орындайды;

  • Дене тәрбиесі жаттығулары мен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді;

  • Жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді

БҚ 02

Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияны қолдану

ОН 2.1.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру

- Кәсіби бағытталған ақпараттық жүйелерде мәліметтерді жинау, орналастыру, сақтау, жинақтау, түрлендіру және беру технологияларын қолданады;
- Кәсіби қызмет саласында негізгі бағдарламалық өнімдер мен қолданбалы пакеттерді қолданады.;
- Компьютерлік және телекоммуникациялық құралдарды қолданады;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі әдістері мен тәсілдерін қолданады;



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

ОН 2.2.

Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдалану

БҚ 03

Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану

ОН 3.1.

Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру

- Нарықтық экономиканың заңдылықтары мен принциптерін экономикалық терминдер тұрғысынан ашады;



Экономика негіздері
Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Іскерлік қарым-қатынас этикасы

ОН 3.2.

Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау

- Өндіріс және тұтыну экономикасының негіздерін меңгерген;
- Мемлекеттің салық саясатын сипаттайды;
- Инфляция көздерін және оның салдарын түсінеді;
- Жалпы ішкі өнімді және жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін қолданады;

ОН 3.3.

Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну

- Әлемдік экономиканың даму үдерісін сипаттайды;
- Жасыл экономиканы дамыту;
- тұжырымдамасының мәнін, оның қажеттілігін ашып, талдайды;

ОН 3.4.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру

- Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандарын және кәсіпкерлік ортаны сипаттайды;


- Бизнес-жоспарды жасайды;
- Жеке кәсіпкерді (заңды тұлғаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу тәртібін сипаттайды, бизнесті бастау үшін құжаттар пакетін дайындайды;
- Жеке кәсіпкерді (заңды тұлғаны) тіркеу кезінде салық режимін таңдайды және негіздейді;
- Кәсіпкерлік қызметте электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдысын меңгерген;







ОН 3.5.


Іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтау

- Іскерлік қарым-қатынастың түрлі технологияларын қолданады;
- Жанжал жағдайларын талдайды және іс-әрекетті таңдауда ұтымды шешім табады;
- Кәсіптік этика нормаларын, компанияның этикалық кодекстерін, бизнесті жүргізудің жалпы қабылданған ережелерін сақтайды.

КҚ 01

Еңбек заңдылығын және компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау




ОН 1.1. Негізгі және перифериялық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және пайдалану бойынша нормативтік құжаттарды қолдану

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін ажырата алады;
- Қазақстандағы еңбекті қорғау жөніндегі заңды зерделейді;
- Ұжымдық және еңбек шарттарын, шарт жасау мен бұзудың талаптары мен тәртіптерін ұстанады;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты мен демалыс уақытын үлестіріп бөледі;
- Тандалған мамандықта бағдарланады;

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Еңбекті қорғау және өндірістік техника қауіпсіздігін сақтау




ОН 1.2. Жеке қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, белгіленген құрылғыны жөндеу

- Өндірістің практикаға бағытталуы туралы түсінігі бар;
- Ақпараттық қызмет көрсету кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарын сақтайды.;
- Ақпараттық қызмет көрсету кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыруға қатысады.

КҚ 02

Электроника және электротехника заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерін қолдану

ОН 2.1.

Өз құзыреті шеңберінде аналогтық және цифрлық құрылғыларды қолдану

- Электрондық және цифрлық аппаратураға берілетін конструкторлық және пайдалану құжаттарының номенклатурасын біледі;

Сызу;
Микропроцессорлық техника негіздері;
Электр-техникасы электроника негіздерімен;
Микропроцессорлық техника

ОН 2.2.

Нақты қолдану облысына арналған элементтік базаны қолданып, электрондық құрылғыларға арналған қарапайым электрондық сұлбаларды құру

Негізгі электрондық компоненттер мен модульдердің маркалануын ажыратады;
- Электрондық сұлбалардың негізгі функционалдық түйіндерінің типтік сұлбатехникалық шешімдерін оқи алады;
- Электрондық аппаратураға арналған бекітілген техникалық құжаттаманы алу үшін ақпараттық жүйелерді (нұсқаларды қадағалау, құжат айналым жүйелері) немесе архивтерді пайдаланады;

ОН 2.3.

Электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинауды, құрастыруды және бөлшектеуді орындау


- Электрлік ток қасиеттерін қолданады;
- Электрлік өрістегі өткізгіштердің және диэлектриктердің қасиеттері туралы білімдерді меңгерген;
- Электрлік сыйымдылық сипаттамаларын қолданады;
- Электрлік тізбектің қасиеттерін түсіндіреді, электрлік тізбектің жұмысының режимдерін сипаттайды;
- Электрлік тізбектің параметрлерін сипаттайды;
- Ом заның қолданады;
- Электрлік тізбектің қуатын анықтайды;
- Кирхгофтың заңдарын қолданады;
- Конденсаторларды жалғау дағдыларын меңгерген;
- Магниттік өріс, оның сипаттамалары туралы білімдерге ие;
- Электр-магниттік индукция, өздік индукция құбылыстарын қолданады;
- Өлшеулердің негізгі құралдарының (амперметр, омметр, вольтметр) тағайындалуын және пайдалану ережесін біледі;
- Электрондық сұлбалардың, электрондық компоненттер мен модульдердің тізбектерінің электрлік параметрлерін өлшеу әдістерін қолданады;
- Баспа тақшаларындағы түйіндердің негізгі түрлерін (өтпелі саңылаулар, баспа өткізгіштері, орнату орындары, баспа тақшаларының стектері) ажыратады;
- Электрондық сұлбалар, электрондық компоненттер және модульдердің электрлік параметрлерін өлшеу үшін өлшеу құралдарын пайдаланады;
- Контактілердің электрондық компоненттер мен модульдердің полярлығын, нөмірлерін анықтайды;
- Баспа тақшасында немесе жинақтамада электрондық сұлбаның тізбегін, электрондық компонентті немесе модульді іздеп табады;
- Электрондық сұлбаның тізбектерін, электрондық компоненттер мен модульдерді оқшаулайды;

ОН 2.4.

Электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинау, құрастыру және бөлшектеу

- Электрондық техниканы құрастыру және пайдалану бойынша әзірлеушінің нұсқамасын түсінеді;
- Электрондық техниканың алуан түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинау, құрастыру және бөлшектеу үшін технологияны, техникалық жарақталуды пайдаланады;
- Жинау, құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін электрондық техниканың әр түрлерінің аспаптарын пайдаланады;
- Электрондық техниканың әр түрлерін жинау, құрастыру және бөлшектеуді жүргізу үшін бақылау-өлшеу аспаптарын қолданады;
- Жабдықтарды құрастыру бойынша жұмыстарды орындауға қажетті құрал-сайманды, аспаптарды қолданады және олардың жарамдылығын тексереді.

КҚ 03

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің қызметін қамтамасыз ету

ОН 3.1.

Дербес компьютердің құрылғыларымен жұмыс істеу



- Дербес компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларының және ақпарат тасығыштарының типтерінің сипаттамаларын пайдаланады;
- Порттардың функцияларын түсінеді;
- Құрылғылардың драйверлерін орнатады;
- Дербес компьютердің шеткері құрылғыларын және компьютерлік оргтехниканы жұмысқа дайындайды, икемдейді және қызмет көрсетеді;
- Дербес компьютердің ішкі және сыртқы құрылғыларын басқарады;

Компьютерлік техниканың операциялық жүйелері және қолданбалы бағдарламалар пакеті
Компьютерлік техниканың аппараттық қамтамасыз етуі
Есептеу техникасының техникалық қызмет көрсетуі және жөндеуі
Есептеу техникасының баптауы және жаңғыртуы

ОН 3.2.

Операциялық жүйелерді және түрлі бағдарламаларды орнату


- Бағдарламалық қамтамасыз ету және операциялық жүйелердің құрамы мен құрылымы туралы көріністерге ие;
- Операциялық жүйелердің түрлерін ажыратады.
- Операциялық жүйені орнатудың параметрлерін тандайды;
- Windows пен басқа операциялық жүйелерді, офистік және қолданбалы бағдарламаларды орнатады және икемдейді;
- Бағдарламалардың жіктелуін ажыратады;
- Қызметтік бағдарламаларды, қабықшаларды, аспаптық бағдарламаларды пайдаланады;
- Есептік жазбаларды қолданады, қолданушылардың жұмыс ортасының параметрлерін түсінеді;
- Утилит бағдарламаларының тағайындалуын түсінеді;
- Вирустардың және антивирустық бағдарламаларын түрлерін ажырата алады;
- Антивирустық бағдарламаларды орнатады және іске қосуды орындайды;
- Архиваторлардың түрлерін және олардың ерекшеліктерін ажыратады;
- Архивтеуді орындайды
- Құрылғылардың драйверлерін ажыратады және орнатады;
- Офистік және қолданбалы бағдарламаларды орнатады және баптайды;

ОН 3.4.

Компьютерлік және перифериялық құрылғылардың жұмысын бақылауды, диагностикалауды және қалпына келтіруді жүзеге асыру

- Еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын сақтайды;
- Пайдалану мақсатына сәйкес компьютерлік құрылғының жинақталуын қолданады;
- Компьютерлік жүйелердің тұрғызылуының схематехникасын, компьютерлік техниканың жұмыс жасау қағидаларын түсінеді;
- Компьютерлік техниканы диагностикалау және жөндеу қағидаларын қолданады;
- Орындалатын жұмыстың мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды қолданады;
- Есептеу процесін іске асырумен, машина жұмысын бақылауды жүргізумен байланысқан дайындық амалдарын орындайды;
- Кешен құрылғаларының жүйелік, диагностикалық хабарламаларын қадағалау арқылы кешен модульдерінің қызмет етуін қадағалайды;
- Компьютерлік кешеннің шеткері құрылғыларының түйіндерінің жұмысқа қабілетін анықтайды және оларды уақытылы алмастырады;
- Инженердің жетекшілігімен электрондық техниканың алуан түрлерінің аспаптары мен блоктарын, құрылғыларын құрастыру/бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындайды.

КҚ 04

WEB технологиясын қолданып жоғары деңгейлі тілдерде бағдарламалау

ОН 4.1.

Бағдарламалық қамтамасыз етудің бағдарламалық кодын құрастыруда тапсырмаларды формалдау мен алгоритмдеудің әдістерін және тәсілдерін пайдалану



- Интерфейсті жобалау үшін бағдарламалық құралдарды қолданады;
- Скрипттік бағдарламалау тілдерінде кодтайды;
- Тандалған бағдарламалау ортасын және деректер базаларын басқару жүйелерінің құралдарын пайдаланады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің модульдері мен компоненттерін жинау әдістері мен құралдарын қолданады; бағдарламалық қамтамасыз етуді жазу, деректердің миграциясы мен түрлендірілуі, бағдарламалық интерфейстерді құру үшін процедураларды құрастырады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) пайдаланады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етудің кітапханаларын пайдаланады;

Web-бағдарламалау және Интернет технологиялар
Өндірістік оқыту (Web-бағдарламалау және Интернет технологиялар)

ОН 4.2.

Web технологияларды қолданып сайт құрастыру


- Қазіргі заманғы web-ресурстардың құрылысы мен функциалануы туралы меңгерген;
- Қолданушы интерфейсін тұрғызудың қазіргі заманғы қағидаларын қолданады;
- Қолданушылық интерфейстердің эргономикасын тестілеудің заманауи әдістері туралы меңгерген;
- Қолданушылардың жасын және денсаулық мүмкіндіктерінің шектелуін есепке алып, түрлі санаттарына байланысты графикалық интерфейстердің дизайнына қойылатын негізгі талаптар; ақпаратты мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне және басқа да мультимедиа форматтарында ұсыну туралы білімдерді меңгерген;
-Желілік хаттамалар және web-технологиялардың негіздері туралы біледі;
- Қазіргі заманғы интерпретацияланатын бағдарламалау тілдерін, HTML және CSS қолданады;
- Тандалған бағдарламалау ортасының және деректер базасын басқару жүйесінің ерекшеліктерін ажырата алады;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың әдіснамасы және объектілі-бағытталған бағдарламалаудың әдіснамасы туралы көріністерге ие;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) қолданады;
- Бағдарламалаудың серверлік тілдерінде (PHP, Ruby, Python) кодтайды;
- Тандалған бағдарламалау ортасын және деректер базасын басқару жүйесінің құралдарын пайдаланады;
- Бағдарламалалық модульдер мен компоненттерді бағдарламалық өнімге жинау процедурасын орындайды;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың шаблондарын (паттерндерін) пайдаланады

ОН 4.3.

Жүйелік қателерді анықтау, қателерді өңдеу, бағдарламаның жеке модульдерін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

- Бағдарламалық қамтамасыз еудің кітапханаларын пайдаланады;
- Ақпараттық жүйелердің типтік архитектуралары, деректер базасының модельдері туралы біледі;
- HTML, web-серверлерді басқарудың базалық білімдерін меңгерген;
- Процесстер мен кодтарды жобалаудың әдістерін қолданады;
- Бағдарламалаудың серверлік тілдерін (PHP, Ruby, Python) пайда-ланады;
- Web-серверлермен жұмыс жасайды;
- Деректер базасына SQL–тілінің сұраныстарын қолданады;
- Желілік хаттамаларды және web-технологияларды қолданады;
- Web-серверлердің жұмысын түсінеді;
- Қазіргі заманғы деректер базасын басқару жүйелерінің қызмет етуін түсінеді;
- Web-ресурстардың бағдарламалық-техникалық архитектурасының компоненттерін, олармен өзара әрекеттесудің қолданыстағы интерфейстері мен қосымшаларын пайдаланады;
- Бағдарламалық модульдер мен компоненттерді жинау және интеграциялаудың әдістері мен құралдарын меңгерген.

КҚ 05

Желілік жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

ОН 5.1.

Жергілікті есептеу желісін монтаждау



- Жергілікті компьютерлік желілер, олардың тағайындалуы және қолданылу облыстары туралы жалпы мәліметтерді меңгерген;
- Жергілікті желілердің топологиясын, физикалық құрылымын, компьютерлердің желіге жалғану тәсілдерін, интерфейстердің, кабельдердің, коннекторлардың түрлері біледі;
- Компьютерлік желілердің кабельдік жүйелерінің құрастырылуы мен диагностикасы үшін пайдаланылатын құрал-саймандарды қолданады;
- Жергілікті желілердің аппараттық ресурстарының құрамын түсінеді;
- Белсенді және енжар желілік жабдық түрлерін ажыратады;
- Желінің логикалық ұйымдастырылуын біледі;



Компьютерлік желілер
Компьютерлік желілер бойынша өндірістік оқыту

ОН 5.2.

Жергілікті есептеу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану


- Жергілікті компьютерлік желілердегі деректерді жіберу хаттамаларын ажыратады ;
- Жергілікті желіге қатынасу, мониторингтеу және жергілікті желіні басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады;
- Есептік жазбаларды басқарады, қолданушылардың жұмыс ортасының параметрлерін икемдейді;
- Желілік адаптерді орнатады ;
- Желілік параметрлерді икемдейді;
- Қарапайым желігі төсейді
- Windows-қа сымсыз желілік тақшаны орнатады және икемдейді;
- Желінің жергілікті ресурстарына қатынасуды құрады және басқарады;

ОН 5.3.

Ұйымның желілік жабдықтарын орнату және конфигурациялау

- Желіні басқарудың құралдарын орнатудың арнайы процедураларын қолданады;
- Желілік құрылғыларды басқарудың арнайы құралдарының параметрлерін икемдейді;
- Аппараттық құралдардың қызмет етуін түсінеді;
- Басқару хаттамаларын және маршруттау хаттамаларының типтерін біледі;
- Желілік трафикті басқару үшін OSI/ISO моделін және ISO моделін қолданады;
- Басқарылатын желілік құрылғыларды және әкімішіленетін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша нұсқамаларды пайдаланады;
- Басқарылатын инфокоммуникациялық жүйедегі профилактикалық жұмыстарды жүргізуге арналған регламенттерді қолданады.

ТП

Таңдау пәні

ОН1.1

Мобилді қосымшалар әзірлеу







ОН1.2

Графикалық дизайндар жасау

«06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" (түрлері бойынша)» мамандығының
«3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»
біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет