Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет42/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Механикалық күрес шаралары. Күрестің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығының қарқынды салаларында (интенсивті) мысалы, жеміс шаруашылығына немесе күрес тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданады.
Физикалық күрес шаралары. Физикалық тәсіл негізнен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін және олардан жасалған азық түрлерін зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Мысалы, бұршақтың дәніне қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін қоймадағы бұршақ тұқымын 10-11℃-қа дейін салқындатады. Сонда бұршақ қоңызы 6 тәуліктен кейін, ал үрмебұршақ қоңызы 10°С шамасында 12 сағаттан кейін өледі.
Өсімдік карантині. Өсімдік карантині елміздің өсімдік байлығын аса қауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың және арамшөптердің басқа мемлекеттерден біздің елге әкелуінен және еніп кетуінен қорғауға, ал карантин объектілері еніп кеткен жағдайда олардың ошақтарын кеңейтуге және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын ала қарастырады. Осы міндеттерге байланысты ол сыртқы және ішкі өсімдік карантині болып екіге бөлінеді. Революцияға дейінгі жылдарда карантин қызметінің болмауы салдарынан көптеген қауіпті зиянкестер Ресейге шеттен әкелінетін жүзім филлоксерасы, қанды біте және басқалар 1875, 1881, 1910 жылдарда және одан кейінгі кейбір жылдарда жаңа өсімдіктерді, бақ топырағын және басқа материалдарды шеттен әкелуге тыйым салынған заңдар қабылданғанымен, бұрын әкелінген зиянкестердің одан әрі таралуына кедергі жасай алмады.
Интегралды күрес шаралары. Интегралды күрес химиялық, биологиялық, агротехникалық физикалық және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді. Өйткені қазіргі жағдайда жеке шаралар арқылы зиянкестермен күресу тиімсіз. Ауылшаруашылық дақылдарын күтіп баптап өсіруде және оны сақтауда зиянкестерден қорғаудың маңызы өте зор. Сондықтан олармен күресу шаралары әлі де болса жетілдіріле түсуде.


Бақылау сұрақтары:



  1. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шаралары.

  2. Механикалық күрес шаралары.

  3. Физикалық күрес шаралары

  4. Өсімдік карантині.

  5. Интегралды күрес шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет