Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану. Бидайдың, арпаның күнбағыстың және басқа дақылдардың зиянкестердің зақымдануына төзімді келетін сорттарын еккенде шаруашылықтың өсімдік қорғау саласына жұмсайтын қаражаты едәуір дәрежеде азаяды. Мысалы, қатты бидайдың бірқатар сорттарына гессен шыбынының личинкалары айтарлықтай зиян келтірмейді. Сондықтан шыбынның зияндылығы жоғары болатын аудандарға ондай сорттарды пайдалану өте тиімді болып есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі.
Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.
Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері.
Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері.
Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері.
Практикалық сабақтар тізбесі
Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы: Астықтың пайдалану мақсатына байланысты анықталатын сапалық көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты: Астық массасының көлемдік салмағы ұғымымен және оны анықтау жолдарымен танысу. Желімше туралы ұғыммен танысу және оны анықтау тәсілдерін меңгеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: дән үлгілері, тесігінің диаметрі 6м елегіш, 1 литрлік пурка ПХ-1.Бидай дәнініңүлгілері, лабораториялық диірмен, елегіштер, бөлме температурасындағы су, әр түрлі ыдыстар,электронды таразы, ИДК-1, СЭШ-3М.
Тақырыпқа түсінік. Астықтың көлемдік салмағы деп көлемі 1 литр болатын астықтың граммен берілген салмағын айтады.
Астықтың көлемдік салмағы, әдетте, дәннің толық пісіп жетілгендігін білдіреді. Дән неғұрлым толық пісіп жетілсе, одан алынатын өнімнің (мысалы, бидай дәнінен ұнның) көлемі де жоғары болады.
Сонымен қатар, көлемдік салмаққа дәннің формасы мен көлемі, дәнсыртының тегіс-бұдырлығы әсер етеді.
Дәннің көлемдік салмағы астық құрамындағы қоспаның түрі мен көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Егер астық құрамында салмағы ауыр және ұсақ қоспалар (ылғалдылығы жоғары арам шөп дәндері, тас, кесек, т.б,] болса, көлемдік салмақ ауырлайды да, ал жеңіл әрі ірі қоспалар (кепкенжапырақ, сабан, дәндер, т.б.) болса керісінше -төмендейді.
Астықтыңөте ылғалды болуы дәннің сусымалылығы мен ыдыста тығыз орналасуына кері әсер етеді де, соның салдарынан көлемдік салмақ біршама төмендейді.
Астықтың көлемдік салмағы бойынша оны сатуда немесе сатып алуда өсіру аймағына байланысты құнына кеміту немесе үстеме қарастырылады.
Елімізде бидай дәнін көлемдік салмағы бойынша келесідей 4 категорияға бөледі:
1.Жоғары - 785 г/л -ден жоғары;
2.Орташадан жоғары - 765-784 г/л;
3.Орташа- 725-764 г/л;
4.Төмен - 724 г/л - ден төмен.
Еліміздегі негізгі бидай өсіретін өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жұмсақ бидай үшін - 750 г/л, ал қатты бидай үшін 760г/л базистік кондиция тағайындалған.
Мемлекеттік стандарт бойынша астықтың көлемдік салмағын ыдысының көлемі 1 литр болатын ПХ-1 пуркасының көмегімен анықтайды. Астықты экспортқа шығарғанда 20 литрлік пурка (пурка атауы Голландия өлшемі «Пур» сөзінен шыққан) қолданылады. Ертеде пурканы «Астық таразысы» деп те атаған.
Литрлік пурка (ПХ-1) арнайы жәшікке салынған бірнеше бөлшектен, оның ішінде, бір-біріне кигізіле орналастырылатын, өзіндік ерекшеліктері бар үштүрлі цилиндр мен басқа да заттардан тұрады
Құламалы жүк төмен қарай екпінмен жылжу барысында цилидр ішіндегі ауаны ығыстырып шығарып, ауасыз орта - ваккум жасау арқылы дәнніңөлшегіш цилиндрге бірқалыпты жиналуын камтамасыз етеді.
Өлшегіш цилиндрді (кескіш пышақты суырып алған соң) таразының екінші басына іліп, оны қайта теңестіру арқылы салмағын 0,5 г дәлдіке дейін анықтайды. Әдетте, көлемдік салмақты бір үлгіден екі қайтара анықтап, құжатқа орташа мәнін грамм/литрмен жазады. Егер екі қайтараанықтауда көрсеткіш айырмашылығы 5 г-нан жоғары болса, онда көлемдіксалмақты қайтадан үшінші peтанықтайды.
Тақырып бойынша тапсырма: Әр түрлі дақыл дәндерінің көлемдік салмағын анықтап, алынған нәтижелерді төмендегі кестеге түсіріп, оларға талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |