Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет40/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Астық қоспасын анықтау. Құрамына қарай астық массасы біртекті емес. Негізгі дақылдан басқа оның құрамында ылғи да түрлі-түрлі қоспалар болады. Негізгі дақылдың толыққанды дәндерінен басқасының бәрі қоспаларға жатады.
Пайызбен көрсетілген қоспалардың жалпы астық массасына қатынасы астықтың ластануы деп аталады.
Астықтың (дәннің) ластануын мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес анықтайды. Ол үшін саңылау диаметрі 6 мм елеуіште елеп, орташа үлгіден (массасы 1000 г ± 10 % ірі қоспаларды) сабан, масақ, топырақ кесегі т.б. аластатады. Соңынан бұл ірі қоспаларды тиісті шөпшар қоспалармен біріктіреді. Масақтарды қоспаларға дәндерін бөлек алғаннан кейін қосады.


Бақылау сұрақтары:



  1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім сапасын бағалау.

  2. Астық қоспасын анықтау.

  3. Дақылға және қоспалар түрлеріне қарай шөкім мөлшері қандай?

Дәріс № 24


Тақырып: Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау.
Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.


Дәрістің жоспары:

  1. Стандарттардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі.

  2. Астық сапасын бағалау әдістері.

Стандарттардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі. Халық шаруашылығының барлық салаларында, әсіресе машина, қару-жарақ, құрал-сайман өнеркәсіптері, үй салу өндіріс салаларында стандартсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Стандарттарында осы өндіріс салаларында керекті барлық бөлшектер, олардың сызықтық өлшемдері, қандай материалдан істелетіні т.б. керекті мәліметтер түгелдей көрсетіліп жазылған. Сондықтан оларды бір мекемеде жасап, екінші мекемеде құрастырып шығара береді. Жаңа зауыт, фабрикалар: тұрғын үй салу, машина жасау т.б. қару – жарақтар шығару тек стандарт бойынша жасалады.
Стандарттардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің барлық салаларын бірге үйлестіріп, олардан алынатын тағамдардың сапасын арттыра беру үшін де маңызы өте зор. Былайша айтқанда, адамның өмір сүруіне керекті бұйымдар, тағамдар, оларды шығару технологиясы түгелдей стандартталған. Астық сапасы жақсы болса, одан алынатын ұнның да, жарманың да, нанның да, құрама жемнің де сапасы жоғары болады. Сондықтан олардың өзіндік құны төмен болып, жоғары сапалы түрлі тағамдар алуға мумкіндік береді, олардың экономикалық нәтижелігі де жоғарылайды. Сондықтан астықты қабылдау, кептіру, тазалау, ұн тарту, жарма, құрама жем жасау, нан пісіру т.б. жүйелері түгел стандартталған. Барлық жүргізілетін технологиялық операциялар тек стандарт бойынша, өз уақытында сапалы жүргізілу керек.
Құрама жемнің түрлері, олардың толық бағалығы. Түйіршектелген, кесектелген және шашыраңқы құрама жемдер. Ақуыз – витаминді қоспалар, премисктер, карбомид т.б. қоспалар және оларды пайдаланудың ерекшеліктері. Құрама жемнің рецептері.
Нан шаруашылығы. Нанның және ұннан істелген тағамдардың түрлері және сорттары. Ашытқы, ас тұзы, ауыз судың сапасына қойылатын шектер. Қосымша шикізаттар – қара бидай уыты, өсімдік майлары – мақта, күнбағар, қыша, жүгері майлары, сарымай, жұмыртқа т.б. нанның сапасы және оны бағалаудың тәсілдері.
Дайын тағамдардың сапасын жақсартудың тәсілдері. Квалиметрия туралы түсініктер. Сапалық дәрежелер. Дайын тағамдардың сапасын кешенді тәсілде басқару. Ақаусыз еңбек жемістері. Еңбектің сапа көрсеткіштері, сапа көрсеткішінің коэффициенттерін шығару тәсілі. Тағамдардың сапасын жақсартуды кешенді есептеп табу тәсілдері.
Өлшемдер жүйелерінің негіздері. Өлшегенде кететін қателіктер. Астық өнімдерінде қолданылатын өлшем үлгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет